Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Данияр Ақышев газ құбырына зейнетақы қорынан бөлінетін ақшаға қатысты түсініктеме берді

Газдандыру бойынша есептелген экономикалық модель мемлекет басшысының тапсырмасымен жасалды. Зейнетақы қорындағы ақша азаматтардың өмірін жақсартуға жұмсалады.

Қазақстанның солтүстік облыстарына газ тартылады”, — деді банк төрағасы мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, БЖЗҚ-ның ақшасы қайтарымы жоқ жобаларға инвестицияланады деу дұрыс емес.

“Бұл керісінше, әр азамат қайтарымды сезінетін жоба. Әсіресе, солтүстік облыстарда. Сондықтан бұл жағдайда мұндай шешімдерді тек қолдау керек”, — деді ол.

Ақышев зейнетақы жинағын инвестициялауға қатысты шешімдердің барлығын Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес мүшелері заңнамалық негізде қабылдайтынын атап өтті.

“Оңтайлы сәтті пайдаланып, халыққа мынаны жеткізгім келеді: соңғы үш жылда Ұлттық банк зейнетақы активтерін инвестициялауға қатысты барлық шешімді толығымен ашық, айқын негізде қабылдап жүр.

Сіздер әр ай сайын зейнетақы активтерінің қайда, қандай шарттармен, қандай ставка бойынша орналастырылғанын көре аласыздар.

БЖЗҚ салымшылары үшін не маңызды? Жинап жатқан ақшасының сақталғаны, кіріс әкелгені”, — деп түйіндеді төраға.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз