Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мен мәмілеге қатысқан жоқпын”. Данияр Ақышев Қайрат Келімбетовке жауап берді

Ол ҚР Ұлттық банкі басқармасы БЖЗҚ инвестициялық декларациясын бекіткенін растады. Оның айтуынша, мұндағы мәліметтер жинақтаушы зейнетақы қорларының декларацисынан алынған.

«Шынында да 2014 жылдың мамырында ҚР Ұлттық банкінің басқармасы БЖЗҚ инвестициялық декларациясын бекітті. БЖЗҚ инвестициялық декларациясы зейнетақы активтерін инвестистициялауға арналған бірнеше құралдардан тұрады. Онда былай деп жазылған: мемлекеттік құнды қағаздарға – 40 проценттен төмен, корпоративті эмитенттердің облигациялары – пәлен процент, басқасы – пәлен процент деп көрсетілген. Бұл декларация БЖЗҚ декларациясынан алынған. Ол өзгермеген. Біз оның қабылдануына дауыс бердік. Болды! Нақты шешімді Ұлттық банктегі инвестициялық комитет басшысы, немесе арнайы департамент басшысы қабылдайды. Бұл соның жауапкершілігі», – деді Ақышев.

Айта кету керек, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің жеке компанияларға зейнетақы активтерін басқаруды беру туралы ұсынысын «қауіпті» деп атаған болатын. Бұл туралы ол «Финансовая свобода» қоғамдық  ұйымының журналистері Бота Жұманова мен саясаттанушы Досым Сәтпаевқа сұхбат берген болатын.

Өз сөзінде Келімбетов Данияр Ақышевтің де инвестициялық декларацияны мақұлдап дауыс бергенін айтқан болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз