Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Даниал Ахметов: Ленин, Киров, Дзержинский деген атауларға неге жабысып қалдық?

“Ленин, Киров, Орджоникидзе, Дзержинский деген секілді атауларға неліктен жабысып қалдық?

Нақ осы “қайраткерлердің” кесірінен миллиондаған адамдар қырылды. Біз өскелең ұрпақты достыққа, тәуелсіздікке баулуымыз керек. Ендеше көшелерді Достық, Тәуелсіздік деп атайық.

Бізге өз заманымыздың қаһармандарын дәріптеу қажет. Айталық, Сағадат Нұрмағамбетов осындай құрметке әбден лайық. Зырянның өзінен шыққан қаншама соғыс батырлары бар.

Ұлыларымыз – Абай, Әуезов бар, Жамбыл бар, Лермонтов пен Пушкин бар. Қаншама даңқты жерлестеріміздің – жұмысшылар мен инженерлердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің есімдері ескерусіз қалып жатыр. Осы бағытта жұмыс істейік”, – деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Зырян қаласы көшелерінің атаулары ауыстырыла бастады. Жуырда 28 көше өзгертілмек.

Дереккөзі: Алтайньюс

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз