Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Дамир Исмағұлов UFC ұйымымен келісім шартқа отырды

123

“Құрметті достар, бауырлар, әлемдегі ең беделді UFC ұйымымен келісімшартқа отырғаным жайлы қуанышпен хабарлаймын. Менің бірінші жекпе-жегім таяу уақытта өтеді.

Менің қарсыласым мықты спортшы, ол ММА тарихындағы ең мықтыларды жеңген. Бұл жоғарғы лигаға өту үшін жақсы мүмкіндік әрі қазақтардың кім екенін көрсету қажет!

Менеджерлерімен атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіргім келеді”, – дейді Исмағұлов Instagram желісіндегі парақшасында.

Исмағұловтың бірінші қарсыласы туралы және жекпе-жектің қашан өтетіні жайлы таяу уақытта белгілі болады.

27 жастағы спортшы барлық жарыста Ресей атынан жұдырықтасады.

Исмағұлов М-1 аясында жұдырықтасып, 18 жекпе-жектің он алтысында жеңіске жеткен. Оның тоғызын нокаутпен жеңген. Соңғы рет ол 15 маусымда Орынборда жұдырықтасты.

Алғашқы раундтың төртінші минутында белорус Артем Дамковский қарсыласы Исмағұловқа шабуылдап, қолын сындырып алады да, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша, Исмағұлов жеңіл салмақта М-1 чемпиондығын қорғап қалды.

Айта кетейік, Исмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ емес. Мұның алдында Қытайда өскен Жұмабек Тұрсын осы ұйыммен келісім жасасқан еді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз