Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Дәмеңнің зорын…”. Playboy журналының қожайыны жас келіншегін сан соқтырды (фото)

Өзінен 60 жас кіші болғанына қарамастан Хью соңғы рет 2012 жылы Харрис деген сұлумен бас қосқан. Ол оның үшінші әйелі. Бірақ кәрі күйеуінен 31 жастағы бұл сылқымға дым да бұйырмапты. Бұл туралы The Daily Mail-ге сілтеме жасап, Lenta.ru хабарлады.

Той алдында неке келісімшарты жасалған болып шықты. Ондағы талаптар өте қатаң екен. Оған қоса кәсіпкердің мұрагерлік құжатында әйелінің аты мүлде аталмаған.

Кәсіпкердің барлық мұрасы төрт баласына — Кристи, Дэвид, Марстон және Куперге теңдей бөлініп берілген. Ал тағы бір аз бөлігі Оңтүстік Калифорниядағы университеттің біріне және бірнеше қайырымдылық ұйымдарына бөлініпті.

Хефнер журналист те, баспагер де болмаған. Бірақ өте көңілді адам болатын. Ол соғыстан соң Esquire журналының жарнама бөлімінде жұмыс істейді. Ақшаны қалай табудың көзін көрген ол өз ісін ашуды жөн көреді.

«Біреулердің арманына жұмыс істеу үшін мына өмір тым қысқа», — дегенді Хеф қайталағанды жақсы көріпті. Аз уақыттан соң ол өз журналын ашады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз