Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Дәмеленбесін!..”. Бас банкир арзан ипотека кімдерге бұйыратынын айтты

https://kaz.365info.kz/7-protsent-25-zhylga-nazarbaev-zhana-ipoteka-turaly-ajtty-305429

Мысалы, үйдің бағасы 7 миллион теңге болса, ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жалпы алғанда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының көпшілігі үшін қолайлы», – дейді Данияр Ақышев.

Қазіргі жобада баспана бағасы мен ипотекалық заемның шекті сомасы да белгіленіп отыр.

Мәселен, Астана мен Алматы қалаларында 7 проценттік ипотекамен алынатын үйдің бағасы 25 млн теңгеден аспауы шарт. Ондайда несиенің шекті соммасы 20 млн теңге (қалғаны алғашқы жарна – авт.) болады. Басқа аймақтар үшін үйдің бағасы 16 млн-нан, ал арзан ипотеканың сомасы 13 млн теңгеден аспайды.

Ұлттық банктің есебіне сәйкес,

7 млн теңгелік ипотеканың бір айлық төлемақысы 50 мың теңгеден артық болмаса, 10 млн теңге үшін ай сайын 70 мың теңге төлеп отыруға тура келеді. 13 млн – 90 мың, 15 млн – 105 мың, ал 18 млн үшін ай сайын 125 мың теңгеге шығындалу қажет.

Әлбетте, банктердің қазіргі ипотекаларымен салыстырғанда жаңа бағдарламаның шарттары әлдеқайда тиімді.

Тақыр кедейлерге бұл бағдарламада орын жоқ

Ендігі мәселе – арзан ипотеканың барлығына бірдей қолжетімді болуы. Ресми статистикаға сәйкес, 2018 жылы ақпан айында бір жұмысшының орташа жалақысы 151,5 мың теңгені құрады. Халықтың номиналды кірісі артса да, нақты табысы, яғни тапқан ақшаға тауар мен қызметтерді сатып алу көрсеткіші төмендеді.

Демек, бір үйден бір адам орташа жалақы алатын болса, 7 млн теңгенің ипотекасын алуға мүмкіндігі жетеді, яғни табыс 150 мың теңгеден асуы тиіс.

Бірақ қалған ақшаға отбасын асырай ала ма, жоқ па, оны айту қиын.

Әрине, бүгінде аудандық жерлерде 50-70 мың теңге жалақы алып жүрген адамдар да бар. Ондайда бір үйде екі адам жұмыс істемесе, жаңа бағдарламамен баспана алу қиындау болады.

Өкінішке қарай, «7-20-25» бағдарламасында әскерилер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар және тағы басқа санаттар болмайды. Әр адамның жеке төлем қабілеттілігіне баса назар аударылады.

https://kaz.365info.kz/aldausyratyp-zhatyr-dosym-satpaev-biliktin-halykhtan-khorkha-bastaganyn-ajtty-305586

Енді бұл ипотека қашан беріледі дегенге келсек, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың сөзіне қарағанда, 7 проценттік ипотеканы беру жұмыстары шамамен жылдың ортасында басталады.

7 пайыздық ипотека маусым айында беріледі бастайды

«Маусым айының аяғына дейін барлық құқықтық-ұйымдастырушылық шараларын аяқтаймыз деген жоспар бар. Содан шілде-тамыз айларында банктер арзан ипотеканы беруді бастайды. Несиелердің алғашқы пулы жасалған бойда біз оның барлығын сатып алуға кірісеміз», – деді О.Смоляков ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

https://kaz.365info.kz/7-20-25-ipotekasy-khashan-beriletini-bastajtyny-belgili-boldy-306355

Ал ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, «7-20-25» бағдарламасына байланысты инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға жыл сайын бөлінетін қаржыны арттыруға тура келеді. Бұған дейін аталған сома 80 млрд теңге болса, ендігі кезекте оны 100 млрд теңгеге дейін көбейту қажет.

Ескі үйлерді алмаймыз

Бұдан бөлек, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің заемдарын беру талаптары өзгеретін болды. Оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова да растап отыр.

«Иә, біз барлық бизнес жоспарымызды қайта қарайтын боламыз. Алғашқы жарнаның көлемін де қайта қараймыз. Бұдан бөлек, кейбір шарттар бойынша несиенің мерзімі ұзаратын шығар. Соған басымдық береміз. Себебі тұрғын үй жинақ жүйесінің негізгі мақсаты да сол – ақшаны жинау. Белгілі бір сома жиналғанда несие беріледі. Ал алғашқы жарнаны азайту шарттары тек жаңа үйлерге қатысты болады.

Қазір ескі үйлер нарығында баға түсіп, стагнация байқалады. Сондықтан ескі үйлерге қатысты шарттар өзгермейді.

Проценттік мөлшерлеме де өзгереді. Бірақ ол да жаңа үйлерді сатып алу несиелеріне ғана қатысты болады», – деді Ләззат Ибрагимова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

https://kaz.365info.kz/onaj-eken-kharzhyger-maman-nyrly-zher-bagdarlamasymen-baspana-aludyn-zholyn-korsetti-267174

Айтпақшы, сарапшылардың сөзіне сенсек, стагнация ескі жылжымайтын мүлік нарығында ғана емес, жаңа үйлер нарығында да байқалып отыр. Сондықтан «7-20-25» бағдарламасы халық үшін де, құрылыс компаниялары үшін де тиімді болатын түрі бар.

Дегенмен, бәрін алдағы уақытта бағдарламаның жүзеге асуы, соған орай нарықтың құбылуы көрсететіні анық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз