Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Дәлеліміз бар…”. Министр Статиді қалай ұстап беретінін айтты

Процестің ұзаққа созылуына Статидің әр жерге шағымдануы себеп екен. Сондықтан ол қай елдің сотына жүгінсе Қазақстан сол елдің барлығына барып, қарсы шағымдануы тиіс екен.

«Мен бұл арада Ұлыбританиядан бөлек Швеция, Бельгия, Нидерландыны да айтып тұрмын. Осы елдер бірінші кезекте шоттағы ақшаны бұғаттап отыр, екіншіден, сол сот шешімін өз жерлерінде заңды деп табуды сұраған. Әрине, біз мұнымен келіспейміз. Ұлыбританиядағыдай басқа елдерде де қарсы шағым түсіреміз. Келіспейміз мұнымен дейміз. Одан соң Статидің алаяқтығын дәлелдейтін дәлелді алға тартамыз. Қолда ондай дәлел бар», – деді Марат Бекетаев.

https://kaz.365info.kz/khuyp-zhibergen-bygattalgan-22-mlrd-dollarga-khatysty-shyndykhtyn-beti-ashyldy-297072

«Алаяқтығын дәлелдейміз»

Министр бұл арада молдован кәсіпкерінің Қазақстандағы газ өңдеуші зауыты құрылысына салуы тиіс ақша жайында сөз болатынын да жасырмай айтты.

«Ол ақша салған жоқ, оны латыш банкіндегі шотына алып шыққан.

Ал арбитражды сот шешімінде талап етілетін өтемақы – газ өңдеуші зауыт құрылысына кеткен шығынның өтемақысы. Енді қараңыз, сол сотта әлі салынып бітпеген газ өңдеуші зауыт құны 230 млн доллар деп көрсетілген. Ал бізде қолда бар дерек бойынша, латыш банкі арқылы 167 млн доллар бөлінген, демек газ өңдеуші зауыттың бағасы алдын ала өтірік бұрмаланып көрсетілген. Біз осы фактіні алға тартып:

„Кешіріңіздер, міне қараңыздар, сотта Стати газ өңдеуші зауыттың нақты құнын жасырып, өтірікке барып отыр. Ендеше арбитраждық соттың бұл шешімін заңды деп табуға болмайды„ дейміз.

Қалай есептесеңіз де ол зауыт құрылысының 230 млн доллар болуы мүмкін де емес», – деді министр.

https://kaz.365info.kz/senbenizder-ylttykh-khor-akhshasynyn-bygattaluyna-khatysty-malimdeme-zhasaldy-297416

«Дәмесінің зорын…»

Сондай-ақ министр араны апандай Статидің сұрап отырған Қашанған кен орнындағы үлеске қатысты да ойын ашып айтты.

«Қашаған жобасынан Қазақстан дивиденд түрінде пайда таппайды. Бұл арадағы біздің табысымыз – салық және profit oil, яғни мұнай сатылған кезде оның белгілі бір бөлігі бюджетке, одан әрі Ұлттық қорға келіп түседі. Оны profit oil деп айтады. Соған байланысты акциялар да бұғатталды. Бірақ бұл Қазақстанның акционер ретінде шешім қабылдай алмайды дегенді білдірмейді. Ол бұл акцияларын сата алмайды, Қазақстан да Қашағандағы үлесін сатпайды. Ондай жоспар жоқ. Қазақстан profit oil арқылы табысқа ортақтасып, бұл жобада инвестор болып қала бермекші», – деді Марат Бекетаев.

Қашан? Ұлттық қордың ақшасы бұғаттан қашан шығады? Елдің бәрінің жадында осындай сауал сарнап жатқаны белгілі. Бұл ретте министр „Әлі қайда?„ дегенге сай жауап берді:

«Біздің қолымызда тұрған дәнеме жоқ. Амал қанша? Ол әрбір елдегі соттың шешіміне байланысты. Бірақ, сеніңіздер, біз барлық бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Шынымды айтайын, мен жұмыс күнімнің 20-дан 40 процентіне дейін осы процестің мәселесіне жұмсаймын».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз