Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Дайындалып келіпті!». Шекарашылар Каспийде ресейлік браконьерлерді құрықтады

Қараңғыны қақ жарып кенеттен пайда болған теңіз шекарашыларының катерін байқап қалған «Байда» қашуға бет алған кезде, оны тоқтату үшін шекарашылардың, ескерту ретінде, аспанға оқ атуына тура келді. Шекара бұзушылар бұдан әрі тәуекелге бел бууға дәттері шыдамай, зәкір тастап, қолдарын көтерді.

Қайықта отырған 4 адамның барлығы да Ресей азаматтары екен. Екеуі 52 жаста, біреуі 36 жаста, ал біреуі небәрі 20 жаста. Қайықтан 200 литр ауыз су, қосымша баллонымен газ плита, азық-түлік пен қосалқы бөлшектер табылғанына қарағанда, бұлар теңізде ұзағырақ жүреміз деп, үміттенген болуы керек.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз