Қазіргі таңда журналистердің, блогерлердің лаңкестік әрекеттер, әскери қақтығыстар орын алған аймақтардан хабар тарату мәселесі өзекті мәселеге айналып отыр. Осыны ескерген еліміздің Қорғаныс министрлігі ақпарат саласы мамандарын сондай аймақтарда жұмыс істеуге бейімдеу бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.
13-ші қыркүйекте «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында отандық журналистер мен блогерлерге арналған кезекті «Әскери дискурс» практикалық семинары өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
журналистер мен блогерлерді қарулы қақтығыстар, жаппай тәртіпсіздік пен террористік актілер орын алған аймақтардағы оқиғаларды жария ету жөніндегі жұмысқа дайындау.
«Әскери дискурс» БАҚ өкілдерін ақпаратты жинау және талдау, сондай-ақ жоғары қауіп аймақтарында жұмыс жасау кезінде туындайтын қатерлерді барынша азайту бойынша арнайы білімдерін, машықтарын шыңдауға арналып отыр.
Жыл сайын «Әскери дискурс» практикалық семинарын өткізу кезінде оқытудың жаңа үлгілері мен әдістері енгізілуде. Мәселен,
биыл семинарға алғаш рет Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінен Ақпарат және жаппай коммуникациялар департаменті тобының жетекшісі, полковник Алексей Золотухин шақыртылды.
Ол қазақстандық әріптестерімен Сирия Араб Республикасында РФ Әуе-ғарыш күштерінің жауынгерлік операцияларын өткізу кезінде жинақталған тәжірибе бөлісті. Ресейлік маман экстремалды жағдайларда жұмыс жасау үшін БАҚ өкілдерін дайындауда маңызды құрамдас болып табылатын психологиялық тұрақтылық, яғни қандай жағдайда болмасын сабырлық сақтау мәселесіне ерекше мән берді.