Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Құдай-ау, кімге сенеміз? Атырауда 9 полицей сотталды

Азамат Бактыбаевич Достанов ҚР ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігінде, 369-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекеттің меншігіне тәркілеумен және полиция майоры арнайы атағынан айырумен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Нуржан Саттыбайұлы Оразгалиев – ҚР ҚК-нің 416-бабының 4-бөлігінде, 412-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде 3 (үш) жыл бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және полиция лейтенанты арнайы атағынан айырумен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ильяс Хисметович Стамгалиев – ҚР ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігінде, 369-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, түпкілікті жаза ретінде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекеттің меншігіне тәркілеумен және полиция лейтенанты арнайы атағынан айырумен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар үшін жазаның өтейтін жері «жалпы» режимдегі түзеу колониясы деп белгіленді.

Одан бөлек, кінәні мойындау туралы процестік келісіммен бірге келіп түскен қылмыстық іс бойынша шығарылған 2016 жылғы 26 желтоқсандағы сот үкімімен

Манарбек Кажмуханович Утеуов – ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігінің 1, 3-тармақтарында, 149-бабының 3-бөлігінде, 369-бабының 2-бөлігінде, 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған 22 жыл мерзімдік бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті өтейтін жаза ретінде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекеттің меншігіне тәркілеумен және полиция лейтенанты арнайы атағынан айырумен 22 (жиырма екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

М.К.Утеуовке жазаның өтейтін жері «қатаң» режимдегі түзеу колониясы деп белгіленді.

Али Эдуардович Кабдешев- ҚР ҚК-нің 308-бабының 4-бөлігінің «а,в»-тармақтарында (1997 жылғы 16 шiлдедегі редакцияда), 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында, 149-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекеттің меншігіне тәркілеумен және полиция лейтенанты арнайы атағынан айырумен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Азидулла Гибатуллаевич Баянов -ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында, 369-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекеттің меншігіне тәркілеумен және полиция кіші сержанты арнайы атағынан айырумен 2 (екі) жыл 06 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

А.Кабдешов пен А.Баяновтың жаза өтеу орны «жалпы» режимдегі түзеу колониясы белгіленді.

Александр Вячеславович Ким – ҚР ҚК-нің 416-бабының 4-бөлігінде, 412-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, түпкілікті жаза ретінде 2 (екі) жыл бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және полиция капитаны арнайы атағынан айырумен 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Аслан Ғабитұлы Хайруллин – ҚР ҚК-нің 416-бабының 4-бөлігінде, 412-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде 2 (екі) жыл бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және полиция лейтенанты арнайы атағынан айырумен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 44-бабының 1-бөлігіне сәйкес А.В.Ким мен А.Ғ.Хайруллин жаза өтеу барысында тұрақты жұмыссыз болған жағдайда жылына 100 (жүз) сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.

 

 

     

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз