Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
14
USD
476
+3.72
EUR
511
+5.93
RUB
5.47
-0.06

Дағыстандағы лаңкестік шабуыл: Тоқаев Путинге көңіл айтты

Айта кетейік, Дағыстанда 23-24 маусымға қараған түні лаңкестер шіркеу мен синагогаға шабуыл жасады.

Лаңкестер Махачкала және Дербент қалаларында шабуылдады. Атыс барысында діни қызметкер мен күзетші қаза тапқан.

Қазіргі уақытта лаңкестердің нақты саны белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдары шабуыл жасаушылардың екеуі Дағыстанның Сергокалин ауданының басшысы Магомед Омаровтың балалары болуы мүмкін деп жазады. Сонымен бірге жергілікті ақпарат көздері шенеуніктің отставкаға кету туралы өтініш жазғанын хабарлаған. Қазір ол ұсталып, үйінде тінту жүргізілуде.

Төрт содырдың көзі жойылды. Олардың арасында аудан басшысының ұлдары бар-жоғы әзірге белгісіз. Сондай-ақ атыс кезінде 7 полицей мерт болып, 12 полицей жараланған. Күрес әлі жалғасып жатыр. Қаладан шығар жолдар толықтай жабылған. Әр көлік тексерілуде.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз