Дербентте адам ең көп жиналған және ең көп ұлтты үйлену тойы өтті.
16 ұлттан тұратын 24 жұп жас жұбайлар некесін қиды, деп хабарлайды ТАСС. Қала күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараның қонақтары 10 382 адам болды. Екі жетістік Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді.
Дербент — Ресейдің ежелгі қалаларының бірі, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Бұл антикалық дәуірдің тарихи өз жерінде сақталған жалғыз қаласы. Қазіргі уақытта Дербент көлемі жағынан Дағыстанның екінші қаласы. Халқы 120 мың адамнан астам және ауданы 70 шаршы км.