Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Дабылды ескерту: Еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді

Бүгін Астана қаласында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді. 13-14 қыркүйек күндері түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

12 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерін тұман басады, жаңбыр жауып, оның соңы қарға ұласады. Солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін. 12-13 қыркүйек күндері түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде -3 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Петропавл қаласында бүгін түнде -3 градусқа дейін үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей аумақтарда 23 м/с күшейеді.

12-13 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаууы мүмкін, желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. 13-14 қыркүйек күндері түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде -3 градусқа дейін үсік болады.

12-13 қыркүйек күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болады.

12 қыркүйекте солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Түнде 12 қыркүйекте Ақтөбе, 12-13 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан, 13-14 қыркүйекте Акмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде -3 градус үсік күтіледі.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз