Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Дабыл! Астананы су басуы мүмкін

102

Министр баяндағандай, Астана су қоймасындағы судың күрт көтерілуіне байланысты, Ақмола облысының Аршалы ауданындағы бір елді-мекенді су басқан.

“Елорданы, қала маңындағы елді-мекендерді су басуына жол бермеу мақсатында Астана су қоймасына тасқын су құйылмауы үшін шаралар қолға алынды. 132 млн текше метр суды қайтарып алдық. Оның шекті нормасы – 450.

Астана су қоймасынан судың көтерілуі сақталса, контрреттегіш 3 тәулік ішінде толып қалып, оның бұзылу қаупі туындайды”,

— деді Қасымов үкімет отырысында.

Осыған орай, министрдің айтуынша, Астана және төменде орналасқан Ақмола облысының елді-мекендері арқылы судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету қажет.

“Бұл мәселені кешеден бері Ауыл шаруашылығы министрлігі және Астана әкімімен қарастырып жатырмыз”, — деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз