Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Дұрыс болды! Допинг қолданған спортшылар енді түрмеге жабылуы мүмкін

Мәселен, Италия мен Германияда допинг қолданған спортшылар 2-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Осындай ұсынысты Парламент қолдаса, біздің заңға түзетулер енгізіледі.

Талай алтын әкелген атлеттер биыл допингпен ұсталып, масқарасы шыққан болатын. Халықаралық Олимпиада  комитеті қазір, тіпті, Подобедова, Чиншанло мен Манезадан Лондонда алған алтын медальді қайтаруды талап етіп жатыр. Қан құрамынан допинг табылған ауыр атлеттер болса, Спорт министрінен араша сұраған. Ал допинг қолданды деп айыпталып, барлық жарыстан шеттетілген Илья Ильиннің Лондон мен Пекиннен алған алтынының тағдыры жақын күндері шешілмек. Ильин тыйым салынған дәрілерді пайдаланғанын жоққа шығарудан жалығар емес. Атақты спортшыны шенеуніктер де қолдап отыр.

Сәкен Мұсайбеков, Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

8 жыл өтіп кетті ғой. Оның үстіне, допинг нәтижелері Лозаннадағы лабораторияда сақталады. Халықаралық Олимпиада комитетінің талабы бойынша, ол 10 жыл сақталуы тиіс. Бірақ олар бұған бағынбай,  ешқандай ескертусіз кез-келген спортшының қанын тексеріп жала жауып отыр.

0001_ilyi-london

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз