Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Дүкенде жанжал шығарған Владимир Путин қамауға алынды

“Құдай сақтап, бұл жағдай КГБ-ның құлағына жеткен жоқ. Бұл Ресей президентімен аттас азамат болатын. Әйтпесе, мұның арты халықаралық жанжалға ұласар еді. Бұл Путин Уэст-Палм-Бичте тұратын 48 жасар қайыршы. 63 жасар диктаторға еш ұқсамайды”, –  дейді GossipExtra сайтының журналисі Вада Моссават.

Владимир Путин

Владимир Путин

Полиция Путинді жедел қамауға алып, оған біреудің аумағында заңсыз жүргені және тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткені үшін айып тақты. Путин бір жылға сотталуы мүмкін.

“Түрме архивін тексере келе, оның заң алдында таза екенін анықтадық. Салыстырмалы түрде алғанда, оның аттасы Ресей президенті қоғамға әлдеқайда қауіпті. Ол журналистерді де өлтіреді, тіпті, Қырымға басып кірген”, – дейді америкалық журналист өз сөзінде.

Америкалық Путин алғашқыда өзінің атын атаудан бас тартыпты. Алайда полиция рапорт жасағанда, аты-жөнін айтуға мәжбүр болған.

Бірақ, бір күн өткен соң, тәртіп сақшылары Путинді босатып жіберді. Қайыршы Путин кепілге 1 мың доллар төлеп бостандыққа шығыпты. Ал қыркүйек айының соңында сот болады.

_90973732_putin2

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз