Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
522
0.00
EUR
602
0.00
RUB
6.65
0.00

COVID-пен өмір сүруге тура келеді. Сонымен, “жеңіс” қандай болады?

672
Фото: Getty Images

Қазір коронавирусты жаңадан жұқтырғандардың саны айтарлықтай жоғары деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар, вакцинация “ұжымдық иммунитетке жету үшін қажетті деңгейге” жеткен елдерде де адамдардың ковидтен қайтыс болуы жалғасуда. Тіпті вакцина алғандар да.

Жалпы әлем картасы шартты шахмат тақтасы сияқты. Әр ұяшықта әртүрлі шектеулер, шекара саясаты және вакцина алуға мотивация бар. Бірақ жұқтырғандардың күнделікті саны мен өлім-жітім есебі бір жыл бұрынғыдай.

Яғни, шектеулер мен вакцинация арқылы Covid-ті түпкілікті жеңу туралы әңгіме айтылмайды. Қатаң шектеу шаралары арқылы вирустың таралуын болдырмауға тырысқан Австралия мен Жаңа Зеландия сияқты елдер енді онымен бірге өмір сүруді үйренуге ниетті.

Локдаун панацея емес

Сидней кәсіпорындары дүйсенбіде Австралия билігі енгізген 100 күннен астам оқшаулау шараларынан кейін жұмысын қайта бастады. Бұл Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында вакцина алу бойынша адамдарының саны 70%-ға жеткеннен кейін орын алды. Сонымен қатар, бүкіл ел бойынша австралиялықтардың 50%-дан астамы вакцинаны толығымен алды.

“Біз ұлтты осы пандемиядан шығара бастаймыз, бірақ бұл қиындық туындатуы мүмкін екенін түсінеміз”, — деді Жаңа Оңтүстік Уэльстің премьер-Министрі Доминик Перротте баспасөз мәслихатында.

Ол жалпы алғанда, ел Үкіметі ауруханаға жатқызылатындар мен вирус жұқтырғандар санының артуына дайын екенін атап өтті, және де:

“Біз вируспен бірге өмір сүруді үйренуіміз керек” деді.

Дүйсенбіде Жаңа Зеландия Үкіметі COVID-19-ды толығымен жоюға назар аудармайтынын мәлімдеді. Оның орнына вакцинация көрсеткіштерін ескере отырып, шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету тәсілін енгізеді.

“Жаңа штаммдар пайда болып жатқанда вирусты толығымен жою өте қиын”, — деді елдің премьер-министрі Джакинда Ардерн баспасөз мәслихатында. – Бірақ бұл қалыпты жағдай. Оқшаулау маңызды болды, өйткені бізде вакцина болмады. Қазір бізде вакцина бар. Бірақ біздің Стратегиямыз өзгеріссіз қалады. Әзірге вирус жұқтыру жалғасатын болады, біз вирусты бақылауға алып, оны жойғымыз және ауруханаларға жатып емделудің алдын алғымыз келеді. Бірақ

оған қол жеткізуге вакциналарды қолдануға болады”,

– деді Ардерн.

Covid-19-ды “жеңу” қандай болады?

Бұл сұраққа жауап бере отырып, әлемдегі жұқпалы аурулар жөніндегі жетекші маман Джереми Фаррара Даниядағыдай болуы мүмкін екенін айтты.

Австралия мен Жаңа Зеландиядан айырмашылығы, Дания пандемия басталғаннан бері шектеу шараларына баса назар аудармады. Сонымен қатар, егер Жаңа Зеландия Үкіметі оқшаулау жағдайларына баса көңіл бөлсе, Дания 2021 жылдың басынан бастап оқшаулануды жеңілдетіп, вирустың өршуіне және өлімнің салыстырмалы түрде көп болуына назар аудармады.

 

Дания, ең алдымен, вакцинацияның жоғары деңгейінің арқасында шектеулерді түпкілікті алып тастады (халықтың 76%-ы және 12 жастан асқан адамдардың 87%-ы). Вирус әлі де таралуда, күн сайын орта есеппен бір-екі адам қайтыс болуда. Бірақ ауыр жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі.

“Менің ойымша, бұл вирус мәңгілікке келген тәрізді”, — деді Фаррар, “біз ешқашан өлім-жітімнің болмауына қол жеткізе алмаймыз”.

Сондай-ақ, ол халықтың табиғи иммунитетінің жоғарылауымен, жалпыға бірдей вакцинациялаумен, елдегі жүргізілген сынақтар және емдеудің жақсартылуымен коронавирустың қауіптілігі өте аз мөлшерге жетуі мүмкін екенін айтты.

“Дания бізге қиындықтан алшақ болудың жалғыз жолы — 100% вакцинация екенін көрсетуде”, — деп атап өтті Фаррар

Статистика дәлелдері

Данияны мысалға келтіре отырып, Фаррар вирустың таралуына қарсы жеңіл шаралар, бірақ вакцина алуға қатаң талаптар қалаған нәтижеге әкелгеніне назар аудартады. Қазір Данияда халықтың вакцина алу деңгейінің жоғары болуынан өлім-жітімнің  деңгейі ең төмен болып отыр.

Феррардың айтуынша, вакциналардың әлі де басты мақсаты — ауыр жағдайлар мен өлімнің алдын алу. Алайда, оның айтуынша, “елдердегі белгілі бір дәрежеде қорқыныштан туындаған ішкі шиеленіс бәрімізді үшінші, төртінші, бесінші рет вакцина алуға әкелуі мүмкін”.

Қорытындылай келе, Фаррар автомобиль апаттарынан болған сияқты, COVID-19 да біздің өміріміздің бақытсыз фактісі болатынын атап өтті.

“Өлімді жою мүмкін емес, бірақ оларды шектеуге болады. Бұл қоғам қабылдауы керек ымыраға айналады”, — деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз