Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Covid-19 үшінші толқыны келе жатыр: вакцинация құтқара ма? 2-бөлімі

175
Фото: дереккөзі – Liter.kz

Жаңа штаммдар пайда болды, бұл тағы да науқастар санының өсуіне әкеледі. Үнді коронавирус штаммы табылған Ресейді мысалға алайық, күніне 17 мыңнан астам адам инфекция жұқтыруда. Мәскеу маңында күніне 1 800-ден астам оқиға тіркелген және бұл эпидемия басталғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Адамдар вакцина ала бастады, шекаралар қайтадан ашылды, іскерлік белсенділік қайта жанданды, мұнай қымбаттады. Алайда коронавирус ешқайда кеткен жоқ

Сарапшылар Қазақстанда да вирустың өршуі қайта басталуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Демек, локдаундар қайта енгізіледі, бұл экономикалық жағдайға теріс әсерін береді.

Нені күтеміз?

Экономист Әсет Наурызбаев пандемияның үшінші толқынының келуімен бизнес-нысандар, мектептер мен мемлекеттік мекемелер қайтадан жабылса, бұл экономика үшін апат болмайтынына сенімді. Мұнай мен металл бағасы өсуде, сондықтан болашаққа болжам жақсы.

– Иә, белгілі бір тоқырау болады, тағы да кейбір салалар зардап шегеді.

Қоғамдық орындар мен көліктерде адамдардың көп жиналатынын ескерсек, жаңа локдауннан қашып құтыла алмаймыз

Қазір Мәскеудің бәрін ашуға ертерек рұқсат бергені үшін қалай зардап шегіп жатқанын көріп отырмыз. Біз де зардап шегеміз – оған күмән жоқ.

Адамзат әлі вирустан қорғанатын вакцинадан жақсы ештеңе ойлап тапқан жоқ.

Егер мемлекет халықты вакцина алуға белсенді түрде үгіт-насихат жүргізсе, біз қазір АҚШ, Израиль, Ұлыбритания деңгейінде болар едік,

ауырғандар санын азайту тұрғысынан. Теориялық тұрғыдан бұған қол жеткізу мүмкін – бізде халық көп емес және вакцина шыққанына біраз уақыт болды. Оны алғысы келетіндердің саны аз болуы – мүлде басқа мәселе. Сондықтан

оң сегрегациялау қажет: вакцина алдың ба – клубтарға барасың, алмадың ба — үйде отыр

Лотерея шеңберінде вакцина алуды бастауға болады – оған локдаунға қарағанда аз шығын кетеді. Сонымен қатар, біздің адамдар түрлі ойындарға құмар. Жалпы, вакцинациялау науқанын ынталандыру керек”, – дейді ол.

Сонымен қатар, Мәскеуде коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға арналған ынталандыру бағдарламасы қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Яғни, вакцинациядан өткен зейнеткерлер 1 мың рубльге тең номиналы 1000 ұпай болатын сыйлық картасын немесе сол сомаға жарнамалық кодты ала алады. Сондай-ақ автокөлік ұтыс ойыны бағдарламасы басталды. Әр апта сайын мәскеуліктер арасында құны шамамен 1 миллион рубль болатын 5 автомобиль (барлығы 20) ойнатылады.

Кәсіби мамандардың қолына

Экономистің айтуынша, Қазақстанда денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау қарқынын жеделдету міндетін орындай алмай отыр.

– Бізде бұл идеяны адамдарға қалыпты түрде жеткізе алатын мамандар бар. Бұл корпорациялардың топ-менеджерлері жақсы атқара алатын үгіт-насихат жұмысы.

Халыққа вакцинация қаупі бар екені шын болса да, ол COVID-19 жұқтырған жағдайда орын алатын қауіптермен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл екенін түсіндіру керек

Бізде шешімдер Президенттің тоқпағынан кейін ғана тиімді түрде қабылданады. Біздің шенеуніктердің менталитетінің ерекшелігі – Қазақстандағы барлық рәсімдер “шеф айтты” деген сөзбен шектеледі. Бұл логика заңдар мен рәсімдерден де алда жүреді, — деп атап өтті Наурызбаев.

Әсет Наурызбаев, фото сaravan.kz сайтынан

Оның пікірі бойынша,

Қазақстанда мәжбүрлеп вакцинациялау көмектеспейді. Бұл адамдардың жалған денсаулық паспорттарын жаппай сатып ала бастауына әкеледі

Осы уақытқа дейін вакцина алмаған адамдарға шектеулер қолдану ғана ерікті вакцинацияға итермелейді.

– Мысалы, қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері үшін санитарлық кітапшаның болуы қажеттілігі сияқты азаматтардың жекелеген санаттары үшін вакцинациялау қажеттілігін енгізу қажет. Немесе егер адам бұрын ауырған болса, онда антиденелердің бар-жоғы туралы анықтама әкелуі тиіс, – дейді Әсет Наурызбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз