Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны атжалмандар мен маймылдарға салып сынақтан өткізеді

400
Дереккөзі— medaboutme.ru

Вакцина белсенді, яғни вирус арнайы химиялық заттармен өлтірілген. Клиникаға дейінгі сынақтар 15 мамырдан бастап жалғасады, деп хабарлады Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

«Желілік тышқандарға сынақ өткізіліп, қауіпсіздігі, иммуногендігі тексерілді, —

деген министрдің сөзін inform.kz келтіреді —

23 маусымда вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелетін болады. Маусым-шілде айларында тышқандар мен егеуқұйрықтардағы кандидаттық вакцинаның уыттылығының өткірлігі, сондай-ақ күзендер мен сириялық алтын атжалмандар арқылы имуногенділігі зерттеледі. Шілде-тамыз айларында — приматтарға сынақ өткізілсе, қыркүйекте — клиникалық сынауға шығарылады».

Аймағамбетовтың айтуынша, республикада тағы төрт вакцина әзірленуде, оның ішінде рекомбинантты қосалқы бірлікті және рекомбинантты векторлық вакциналар бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз