Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

COVID-19-дың жаңа толқыны келсе де, біз оны білмеуіміз мүмкін — Түменова

156
Сурет: Getty Images

Коронавирустың кезекті толқыны отандық денсаулық сақтау саласы үшін де, билік үшін де үлкен сынақ болады, дейді «Аман-Саулық» қоғамдық қорының дәрігері және президенті Бақыт Түменова.

Бірінші толқын  көптеген әлсіз тұстарымызға назар аудару керегін көрсетті. Атап айтқанда, COVID-19-дан вирус жұқтырған науқастар ғана емес, түрлі салалар да зардап шекті. Оның қаншалықты ауыр болғанын уақыт көрсетеді.

Бұл туралы Бақыт Түменова біздің порталға берген сұхбатында айтып берді.

Вирус мутацияға ұшырауы да мүмкін

— Бақыт Ниязбекқызы, тағы да коронавирус инфекциясының жаңа толқыны туралы әңгіме басталды. Қалай ойлайсыз, оған дайынбыз ба?

— Қазір бір нәрсені болжау қиын, істің нәтижесі аяқталғанда көрінер. Дегенмен

Қазірдің өзінде Еуропадағы жағдайдың ауырлығын көріп отырмыз, ауру күн сайын өршіп жатыр, сондықтан біз бәріне дайын болуымыз керек

Біздің мемлекеттік құрылымдар дайынбыз деп мәлімдеді. Дәрі-дәрмектер бар, мыңдаған кереуеттер орналастырылды, сонша ӨЖЖ сатып алынды дейді.

Бірақ, біріншіден,

жаңа толқынның ауқымы тек медицина қызметкерлеріне ғана байланысты болмайды

Сақтық шараларын, әлеуметтік қашықтықты және т.б. сақтауымызға да байланысты.

Карантинді көбінесе қарапайым адамдар бұзады, ал бизнес бұның зардабын шегеді — Айгүл Соловьева

Жалпы алғанда, екінші толқын біріншіден күшті болмауы керек. Себебі кейбір адамдар қазірдің өзінде ауырып қалды, көбісінде ауру белгілері байқалмады.

Екінші жағынан, вирустың мутацияға ұшырауы Еуропада аурудың өсуінің бірден бір себебі болуы мүмкін.  Бірақ бұл тек болжам екенін ескертейін.

— Егер мутацияға ұшыраса, жаңа вирус бізге де келуі мүмкін бе?

— Иә, келуі мүмкін. Аурулар саны азайғаннан кейін біз бірден шекараларды ашып, Түркияға, Әмірліктерге және Еуропаға демалуға ниет білдірушілерді шығардық.

Менің ойымша, ел ішінде қозғалуға еркіндік беріп, бұл шектеулерді сақтап қалу керек еді

Шекаралармен бірге бір уақытта мутацияланған вирустың кіруіне жол аштық.

Бірақ саяхаттаған адамдар тексерудан өтіп жатыр емес пе. Тест тапсыруда және т.б. шара қабылдануда.

Бұл тесттер көмектесе ме деген сұрақ туындайды? Мысалы, адам инкубация кезеңінде, яғни ауру әлі басталмаған және ешқандай белгілер жоқ кезде келуі мүмкін. Аа алынған ПТР-ді техникалық тұрғыдан өте сапалы емес. Сондықтан олар тиісті материалды дұрыс алмағаннан, науқастарды жіберіп алуы да мүмкін.

Айтпақшы, кейбір аймақтарда вирус қарқынды тарала  басталды. Оның сырттан әкелінуі де мүмкін.

Жақын арада вакцинаға үміт артудың қажеті жоқ

— Бір кездері вакцина туралы көп айтылды. Бірақ мен, біріншіден, осындай қысқа мерзімде вакцинаны жасауға болатынына сенбеймін. Екіншіден, инфекциядан кейін кез келген адамның ағзасында антиденелер қалыптаспайтыны анық. Ал кейбіреуінде болса да, шамалы уақыттан — үш-төрт айдан кейін жоғалып кетеді.

Сондықтан аурудың қайта жұғу ықтималдығы сақталады

Сонда вакцина қаншалықты тиімді болады? Ол қашан шығарылады?

Әдетте вакцина бір жылдан астам уақыт дайындалады, клиникалық зерттеулер бірнеше кезеңнен тұрады. Сондықтан ол қыста дайын болмайтыны анық.

ДДҰ деңгейінде вирусқа қарсы іс-қимыл бойынша бірыңғай ұсынымдар, емдеудің бірыңғай хаттамасын әзірлейтін уақыт келді, бірақ бұл шара әлі қолға алынбады. Бірінші толқыннан кейін де, әр ел өз білгенінше қауіпсіздік шараларын әзірлеуде.

Біз жағдайды басқармаймыз, коронавирус бізді — бүкіл әлемді басқарады

— Қазір не істеу керек? Шекараларды қайтадан жабу керек пе? Бірінші толқын кезіндегі әлсіз жақтарымызды еске түсіріп, олармен қаншалықты жұмыс жасалғанын тексеру керек шығар?

— Шекаралар ашылып, адамдар жан-жаққа тарап кетті, енді қайтып оралды.

Күздегі карантин экономиканы күйретеді

Көктемдегі әлсіз тұстарымыз әлі де сақталып қалды. Біз бұл мәселеге бейжай қарап, карантинді кеш енгіздік. 2019 желтоқсанында Қытайда бүкіл әлемде пандемияға айналған індет басталды. Бірақ көптеген адам, тіпті медицина қызметкерлері де оның  бізге де  келетініне сенбеді.

Локдаундар экономиканы күйретеді

— Карантин енгізілгенге дейін мен сұхбат бердім. Коронавирустың келу қаупіне дайынбыз ба деп сұрағанда, нақты білмеймін, бірақ дәріханаларда бетперде жоқтығы мені алаңдатады деп жауап бердім.  ӨЖЖ-ге қатысты жағдай да белгісіз еді. Кейін коронавирус келгенде, маска, дәрі-дәрмек жетіспейтіні белгілі болды, ауруханаларда бос орын қалмады.

Бірақ  кейін жағдайды түзете бастады  Науқастар ауруханаға жатқызылды, кейбіреуі үйде емделді. Дәрі-дәрмекті тегін беріп, дұрыс шешім қабылдадық. Жалпы, коронавирус — жұқпалы ауру, ал кез келген инфекцияны емдеу медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің кепілдендірілген көлеміне кіреді.

Олар қазір де жеткілікті қауіпсіздік шараларын қабылдағанын айтады. Ал шын мәнінде қалай болатынын болжау мүмкін емес. Барлығын уақыт көрсетеді.

— Төтенше жағдай және бұрынғыдай шектеулері бар карантин енгізілуі мүмкін бе?

— Бәрі де болуы мүмкін. Сақтық шараларын қалай сақтайтынымызға байланысты. Науқастардың саны көбейіп, орын болмаған кезде денсаулық сақтау жүйесін тығырыққа тіреуге болмайды.

Сонымен қатар, қазір пандемия үш жылға дейін созылуы мүмкін дейді.

Локдаун жариялай беретін болсақ, экономика толығымен құлдырайды

Сондықтан басқа әдістерді қолдану керек.

Жалпы, қандай белгілерді үйде емдеуге болады, қандай белгілермен ауруханаға жатқызылатыны туралы көрсеткіштер жасалуы керек. Халық үйде емделуге дайын болуы керек. Амбулаториялық қызмет тек үйлерге барып қоймай, қажет болған жағдайда науқастарға телефон арқылы кеңес беруге дайын болғаны жөн.

Пандемия аяқталғаннан кейін «жаңадан салынған» орталықтар сұранысқа ие болмай қалуы мүмкін

— Өз уақытында қоғам белсенділері қажет болған жағдайда науқастарға қажетті дәрі-дәрмектерді үйге жеткізіп беретін мобильді топтар құруды ұсынды. Отбасылық дәрігер, яғни учаскелік дәрігердің жанында қарапайым адамдар  қоңырау шалып, кеңес ала алатын көмекшілері болуы керек.

Отбасылық дәрігер ұсынған курс бойынша үйде ем қабылдай алуы қажет

Билік мұның бәрі бар дейді, бірақ шын мәніндегі жағдайды алдағы уақыт көрсетеді

Егер шынымен бұндай шаралар дайын болса, олар қаншалықты көмектеседі?

— Ондай жағдайда, кем дегенде, стационарлардың жұмысы жеңілдеп, онда тек ауыр науқастар түседі. ӨЖЖ қажет ететіндер немесе фондық ауыр созылмалы аурулары бар адамдар ғана ауруханаға жатқызылады. Кейбір жағдайы орташа ауыр адамдар да жіберілуі мүмкін. Ал ауруы жеңіл және орташа деңгейдегілер үйде дәрігерлердің қамқорлығымен емделу керек.

Жақында конференция өткізіп, онда Грузияның жаңа толқын жағдайында қолдануға болатын қызықты тәжірибесі туралы айтылды. Онда, егер қандай да бір себептермен науқас үйде оқшауланбаса,

бұл үшін арнайы жабдықталған қонақ үйлерге жіберілді

Мысалы, отбасы үлкен, біреуі ауырып қалды, бірақ пәтер кішкентай. Бірақ стационарда жатып емделетіндей ауырған жоқ. Ал бұл қонақ үйлерде олар тамақтанып, емделеді.

Оның шығынын кім төлейді? Науқас өзі қалтасынан шығармайда ғой?

— Мемлекет есебінен. Бұл сонымен қатар бизнеске де қолдау болады және жаңа жұқпалы аурулар ауруханаларын салудың қажеті болмайды

Бір кездері бұл пандемия тоқтап, барлық жаңа орталықтардың керегі болмай қалуы мүмкін ғой

Қалай болғанда да, бәрін жан-жақты есептеу керек.

Басқа аурумен ауыратын адамдарды да ұмытпаңыздар

— Студенттік жатақханаларды да сол мақсатта пайдалануға болады.

Көптеген жоғары оқу орыны мен колледждер онлайн оқытуға көшті, енді корпустар бос тұр

Есептер мен мәліметтерді толығырақ дайындау керек еді. Мысалы, ШҚО-да аурушаңдық  өсті деп жазады. Бірақ бұл үлкен аймақ қой! Қазақстан ірі қалалар ғана емес, шағын елді мекендерден де тұрады. Егер кем дегенде он күнде бір рет  жағдайды егжей-тегжейлі хабарласа, бұл ең алдымен, аймақ ішінде жүріп-тұратын адамдарға көмектесер еді. Яғни, барлық бағыттар бойынша әлдеқайда терең талдау қажет.

Пандемия АҚШ-қа Орталық Азиядағы ықпалын қайтарып алуға мүмкіндік берді — сарапшы

 

Біздің медицина осы уақыт ішінде жоспарлы медициналық көмек көрсету мәселесін шешті деп үміттенемін.

Екіншіден, бірінші толқын кезінде созылмалы аурулары бар адамдар қайтыс болды, мысалы, қант диабеті, гипертония және т.б. Ол адамдар тегін дәрі-дәрмектер мен басқа да емдеу шараларын қабылдауы керек еді.

Оларды кем дегенде 3-4 ай бұрын қамтамасыз ету керек

Бұл сұрақтар өз шешімін тапты деп үміттенемін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз