Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

CNN Дональд Трамп пен оның әкімшілігін сотқа берді

Әлеуметтік желі қолданушылары жарияланған видеоны көріп, қолдан жасалған деп, Ақ үйді айыптады. Трампқа қарсы шағымда CNN жауап беруші ретінде қосымша бес адамды көрсеткен. Олар – Ақ үй аппаратының басшысы Джон Келли, баспасөз хатшы Сара Сандерс, коммуникация жөніндегі штаб басшысының орынбасары Билл Шин, Құпия қызмет директоры Джозеф Кланси мен мекеме офицері Джон Доу.

CNN Акостаға аккредитацины қайта беруін талап етеді.

Телеканал сотқа түсіріп отырған шағым тек ғана тілшіге байланысты емес екенін айтып, бұл сайланған шенеуніктер жайында сұрақ қойған әрбір журналистің басына түсуі мүмкін деп ескертеді.

2017 жылдың басында президент қызметіне кірісер алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде Трамп CNN тілшісінің сұрақтарына жауап беруден бас тартып, “жалған жаңалықтар таратады” деп мәлімдеген. CNN басшылығы сол кезде президент әрекетін айыптап, журналисіне қолдау көрсеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз