Қазақстандық бизнесмен туған ауылына сыйлық тарту ету үшін 116 миллион теңге (322 мың доллар) жұмсады, деп хабарлайды Sputnik.kz агенттігі.
Туған ауылындағы жастардың болашағына алаңдаған кәсіпкер оларға спорт кешенін салып беріпті. Жаңа кешенде спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Биыл қыркүйек айында ашылу салтанаты өтеді
Ғимарат құрылысына 322 мың доллардан астам қаражат кеткен.
Sports.kz порталы жазғандай, кешен әлі қолданысқа берілмеген.
Бірақ биыл күзде қыркүйек айында ашылу салтанаты өтуі тиіс. Бизнесменнің осындай тамаша сыйлығы арқасында екі жүздей бала мен ересек адам футбол, бокс, волейбол және күрес секцияларына қатыса алады.
Облыс чемпионы, боксшы Талғат Құланбайдың айтуынша, бұрын ауыл тұрғындары мектептің шағын спортзалында шынығуға мәжбүр болатын.
Ол жаңа спорт кешенінде бұрынғыдан да қарқынды жаттығып, болашақта олимпиада медаліне қол жеткізетініне сенімді.