Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

БЖЗҚ: зейнетақы қорына ерікті жарна құюшылар ақшасын ала алады

Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

«Өзінің жақын туысының немесе баласының материалдық жағдайын жасап қойғысы келетін азаматтарға бұл өнімнің тиімділігі зор. Бұл 3-ші тұлғаның есебіне ерікті түрде зейнетақы жарнасын құю деген сөз. Көбіне бұл жүйені әйелдері үй шаруасында отыратын азаматтар қолданады. Сондай-ақ, ресми орындарда жұмыс істемейтіндіктен зейнетақы аударымдары жүрмейтін азаматтар отбасы мен балаларының қамы үшін ерікті жарна төлейді. Бұл арқылы жақын адамыңыздың келешек материалдық базасын дайындай аласыз», – деді Айгүл Бимурзаева.

Зейнетақы жарнасын шешіп аламын деушілер БЖЗҚ-ға кез келген уақытта өтініш түсіре алады. Мәселен, сіз зейнетақы жасына дейін ресми орындарда жұмыс істеуді тоқтатуды шешсеңіз, қосымша ерікті зейнетақы шотыңызда бірталай ақша жиналған болса, құрметті демалысқа шығар жасыңызға дейін бұл ақша сізді сақтандыра алады. БЖЗҚ азаматтарды жеке мазалаған сұрақтары бойынша қабылдап, жауап беруге әзір.

 

Дерек көз: Қазақпарат.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз