Басқосуға ұйымдағы Солтүстік Кореяның тұрақты өкілі Ча Сон Нам соңғы төрт жылда алғаш рет қатысқан.
Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
Ча Со Нам Пхеньянның ядролық бағдарламаны одан әрі жетілдіре түсетінін жеткізді. Оның айтуынша,
қару елдің қорғанысын қамтамасыз ету үшін қажет. Ал аймақтағы ахуалдың ушығуына ол АҚШ пен одақтастарын айыптады.
Өз кезегінде Құрама Штаттар мен Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея және Жапония елдері Солтүстік Кореяға қысымды күшейте түсуді ұсынды. Алайда жиын соңында ұсынысқа қатысты нақты шешім қабылданған жоқ.