Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

БҰҰ Бас хатшысы ИМ ұйымы тактикасының өзгергенін айтты

Антониу Гутерриш

Оның баяндамасында ИМ өз лаңкестік әрекетін шиеленіскен аумақтардан тыс өзге мемлекеттерде белсендірек іске асырып жатқаны айтылған.

Гуттериш мырзаның сөзінше, бұл үшін ИМ өзге мемлекеттердегі өз жансыздарымен байланысуда. Сондықтан, әуежайлар мен ұшақтардағы терактілер қаупі «жоғары» болып қала береді.

Сонымен бірге, ИМ лаңкестері өз жақтастарымен байланысу үшін және жаңа мүшелерді тарту үшін шифрлеу, заңсыз вебсайттар мен мессенджерлер секілді құралдарды пайдалануда, деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы.

ИМ қаржының 80 пайызға жуығын мұнай мен газ сатудан және бопсалаушылық пен қарақшылықтан табады.

Еске сала кетсек, 2016 жылы Сирия мен Ирак халықаралық терроризммен күресте ең күрделі аймақтар болды. Жыл аяғында екі елде де мәселе айқындалды. Бір жыл бұрынғы күштер теңгерімі бұзылды және ислам радикалдарының іргесі сөгілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз