Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бүгін ауа райы құбылмалы болып, қар жауады

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с, оңтүстік-батыста кей уақытта 30 м/с аса күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын болып, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, таулы аймақтарда желдің екпіні 30 м/с аса күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с ктұрады.

Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде тұман болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз