Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Быт-шыт қылды”. Дастан Оразбеков романс шырқаймын деп масқара болды (видео)

364

Не керек, тыңдап шықтық. Әннің әуені тамаша. Тереңге бойлап, сезімдердің қылын шертеді. Орындала берсе екен, тағы да деп елітесіз. Бірақ сөздер келіп қосылғанда дүние төңкеріліп түскендей болды. Әнді тыңдаған желідегі жұрт та аң-таң.

Бәрінің білгісі келетіні бір-ақ нәрсе. Сөз авторы кім?..

Дастан қазақшасы жақсы бала секілді еді, мұнысы қалай? Осыны ұқпай жатыр жұрт.

Сөзіміз дәйекті болсын, әннің мәтінін өз қалпында келтіре кетелік: Құлыптап үкім бір жиям, Баруға маған тым қиын, Сүйгенім онда болмаса, Басқаның маған бір тиын.

Одан соң: Көгеріп өскен талдайсың, Бозарып атқан таңдайсың, Мен өзім сені ұнатам, Сен маған әлдеқандайсың!

Тағы да: Ақ көйлектің жеңі тар, Жең ұшында-ай хат-ай бар, Хатын бір алып оқысам, Сүйген жардың аты-ай бар. Жар сөзінде-ай жалған жоқ, Айтылмай қалған-ай сөзім жоқ, Сен өзің мені тарттың ғой, Сен бір магнит, мен бір тұт.

Байқағанымыз мұндай жұтаң, қарабайыр сөздерді қазір рэп орындаушылар көп қолданады. Өздері „көше әні„ деп қояды. Көше болған соң „көшедей екен, жарайды„ дейміз. Соған қарағанда бұл ән мәтіні, о баста, рэп үшін жазылған секілді. Ал Дастан романсқа мәтін іздемей-ақ қолындағы барын салып, еш қиналғысы келмеген-ау шамасы деп топшылаймыз. Басқа не деуге болады, енді?..

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз