Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Бұрын көрмеппіз”. Қазақстан барысының жеңімпаздары анықталды (фото)

222

Бас жүлдені осыған дейін танылмаған балуан алды.

Ол финалдық белдесуде жерлесі Ұлан Рысқұлды жеңіп, мықтылығын көрсетті. 1995 жылы туған жас балуан, биылғы “Қазақстан барысының” жаңалығы болып отыр.

Алтын тұяқты жұлып алған қызылордалық Еламан Ерғали атты балуан болды. Ол әскерилер арасынан шыққан “Әскер барысы” екенін баса айта кетелік.

https://kaz.365info.kz/yyat-boldy-khazakhstan-barysy-myhit-tyrsynov-algashkhy-beldesude-akh-ytylyp-khaldy-269996

2014 жылдың Қазақстан барысы болған Мұхит Тұрсынов алғашқы белдесуде осы жігіттен ұтылып қалып еді. Шынымен де ол өзінің мықтылығын анық көрсетті. Көрермендер бәрі әділ болды деді.

Ұлан Рысқұлды

Еске салсақ, Ұлан Рысқұл 7 жыл бұрын “Қазақстан Барысы” жарысының ең алғашқы жеңімпазы атанған еді. Ол бүгінгі бәсекеде ширек финалда өзінің туған інісі Руслан Әбдіразақовты, ал жартылай финалда Айбек Нұғымаровты жеңіп финалға шыққан болатын.

Ал Еламан Ерғали ширек финалдық сында Асыл Барменовты жеңіп, жартылай финалда Арман Қалиевтен айласын асырған.

 

ІІІ-орын үшін болған тартыста семейлік Айбек Нұғымаров атыраулық Арман Қалиевті жеңіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Айбек Нұғымаров

Барыс атанған балуан 25 миллион теңге ақшалай сыйлықты да қанжығасына бөктерді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз