Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Бүркіттің Лидия Кәденованың келінімен көңіл жарастырғаны рас па?

Ал түсірілімнің соңында ғана Бурабайға барған Аиша бұл тұрғысынан алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты.

“Жоқ, жоқ мүмкін емес! Оған еш уайымдамаңыздар! Қазір көпшілігі ажырасып жатыр, ол оңай дүние болып кетті. Сондықтан ажырасумен ешкімді таңғалдыра алмайсың”,- деді Аиша.

Өзіне қатысты түрлі қауесеттерге еті үйренгенін айтқан Айым болса ешқандай кәсіби дипломсыз басты рөлді алғаным Айбектің арқасы дейді.

“Маған Айбектің өзі хабарласқан болатын,  кастингке шақырды. (ред. Айбек әнші Бүркіттің шын есімі) Бірінші күні мүлдем ұнатқан жоқ менің ойнағанымды, екінші күні де ұнатқан жоқ. Үшінші күні өзім хабарласып: “Тағы бір рет көрейін, үйден дайындалып жатырмын”,- дедім. Үшінші реттің өзінде де алмады, бірақ кешкісін тағы сөйлестік.

Маған Айбек қана сенді, тек Айбектің көмегімен, сенімімен ғана киноға түскен болатынбыз”,- дейді ол.

Бүркітпен байланыстары туралы әңгіменің Айым өтірік екенін айтуда.

“Айбек ағамен мені қосқандары дұрыс болмады. Өйткені жары жанымызда жүрді, қаншама танымал актерлар жүр қасымызда. Менің енем Халық әртісі, мен оны біле тұра біреумен көңіл қосу туралы ойыма да кірмеген. Айбек ағамен арамызда ондай ештеңе жоқ.

Жеке өмірім туралы айтқым келмейді”,- деді ол.

Еске салсақ, Бүркіт продюсерлік еткен “Апан” фильмінде басты рөлді актриса Лидия Кәднованың келіні Айым Алтынбекова сомдаған. Бірақ аталған фильмнің түсірілімі аяқталған соң Дидар Кәден мен Айым Алтынбекова ажырасып кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз