Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бүркіттің әкесі ұлының метис қызға үйленгеніне қарсы болған

492
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бүркіт пен Аиша отандық шоу-бизнестің ең танымал жұптарының бірі, олар 10 жылға жуық уақыт бойы бірге. Олар 2008 жылы латын-америкалық стильдегі кештердің бірінде танысқан. Әнші сол уақытта өзінің сүйіктісімен айырылысып, қиналып жүрген. Аиша жігіттің шынайы махаббатқа деген үміт отын жағып, сезімін оятады. Дегенмен әнші қыздың көңілін табу үшін екі жыл уақытын жұмсайды. Әйтеуір Аишаның келісімін алған кезде, әншінің әкесі қарсылық білдіреді.

Ол Бүркіттің үйге басқа ұлттың қызын әкелуіне  қарсы болған.

«Менің әкем, үзілді-кесілді қарсы болды,  біз тіпті ұрсысып та қалдық. Мен сонда өзімнің мінезімді көрсетіп, «Әке, мен 34 келдім. Егер сізді тыңдасам, сүрбойдақ болып қалам, бұл сізге керек пе?! Өзім жақсы көретін қызға үйленуге рұқсат беріңіз» деп айттым.

Кейін оны үйдегілермен таныстыруға әкелгенде, анам бірден ұнатты», — дейді әнші  ShowNewsKZ бағдарламасына берген сұхбатында.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бүркіт пен Виктория (Аиша) бүгінде өте бақытты отбасы, олардың үш баласы бар. Аиша тұрмысқа шыққанға дейін христиан дінінде болса, тұрмысқа шыққаннан кейін мұсылмандықты қабылдаған.

«Оның бойында орыстың, хакасстың және өзбектің қаны бар. Ол метис болғанымен, мұсылман дініне өте жақын. Тіпті сырт келбеті де еуропалық қыздарға ұқсамайды».

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз