Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Бұларға аз ғой”. Шығыста оралман бизнесменді қинап өлтіргендерге үкім шықты

Қарақшылық шабуыл өткен жылы қыркүйектің 10-ынан 11-іне қараған түні болған. Белгісіз біреулер жеке үйге басып кіріп, үй иесі Мұратхан Фатиханұлы мен оның әкесін атып өлтірген, сондай-ақ Мұратханның әйелін жарақаттаған. Үйде сондай-ақ бес және жеті жастағы екі бала мен олардың әжесі болған.

“Ысқақов пен Сафаев қансырап жатқан әйел мен әжейді скотчпен байлап тастап, балаларды түпкі бөлмеге қамаған, содан кейін газ баллонды ашқан. Қылмыскерлер куәгерлерден осылай құтылмақшы болған. Балалар мен әйел қаза болған жігіттің анасының жанкештілігінің арқасында аман қалды”, — деді төрағалық еткен судья Людмила Побияха.

Судьяның айтуынша, сотталушылар адамдарды өлтіруді алдын ала жоспарламаған, тек ақшаны алып кетпекші болған. Ер адамдар жасырынған ақшаның бәрін табу үшін қайта-қайта отбасы мүшелерін қинаған. Олар қымбат бағалы заттар мен ақшаны алып, үйдегі кереуетке от қойған.

Әзер босап шыққан қарт әйел, Мұратхан Фатиханұлының анасы өртті сөндіріп, газды өшіреді де, туыстарын босатып, полиция шақырады.

Тергеу барысында анықталғандай, қарақшылар 4,5 миллион теңгені алып кеткен. Қылмыскерлер үйдің өртенбей қалғанын естіген соң, қашып кетпек болған, алайда ауылдан шыға берісте қолға түсті.

Зардап шеккен отбасының туған-туыстары соттың үкімімен келіспейді. Олар қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді талап етіп отыр.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Оған 15 күннің ішінде шағымдануға болады.

Айта кетейік, қаза тапқан бизнесменнің отбасы 14 жыл бұрын Қытайдан елге оралыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз