Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Былай қылайық…”. Қазақстан мен Қырғызстан президенті қандай келісімге келді?

Назарбаев Жээнбековті мемлекет басшысы қызметіне сайлануымен құттықтап, екі халық арасындағы бауырластық, тату көршілік қарым-қатынасты “қайтару қажет” екенін атап өтті.

“Шекарадағы жағдай бойынша мынадай шешім қабылданды. Біздің елдеріміздің үкіметі жасаған “жол картасы” бар, бүгін-ертең оны қарау үшін жұмыс топтары кездесіп, ол “картаға” қол қояды. Сондай-ақ “Қордай” бақылау-өткізу пунктінде шекараны уақытша ашуға және екі тараптан бақылау орнатуға шешім қабылданды. Сонымен қатар,  ЕАЭО-дан үш адам жүктерді қарап, өткізіп отырады. Қытаймен шекарада да осындай тексеріс жүргізіледі”, — деп хабарлады Қазақстан басшысы.

Назарбаев Жээнбековті ресми сапармен Қазақстанға шақырғанын айта кетті. Қырғыз басшысы әріптесіне алғыс білдірді.

“Біз Нұрсұлтан Әбішұлымен барлық мәселені талқылап, бір шешімге келдік. “Жол картасы” әзірленді, желтоқсанда бұл бағыттағы жұмыстарды аяқтаймыз. Шекарада қазақ және қырғыз тарапынан да, ЕАЭО тарапынан да бақылау орнатамыз. Барлық мәселе келісілген мерзімде шешіледі”, — деп атап өтті Жээнбеков.

Қазақстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасы Қырғызстандағы президент сайлауы науқаны кезінде қазан айының басында шиеленіскен болатын.  Алмазбек Атамбаев Қазақстанды сайлауалды науқанға араласты деп айыптады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз