Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Бұл жолғы реформа ақшамен байланысты”. Мектептерді тағы бір өзгеріс күтіп тұр

Мұндай жүйе Америка, Автралия, және ТМД елдерінде сәтті іске асырылған. Бұл елімізде 2013 жылдан бастап 70 мектепке сынақ ретінде енгізілген жоба.

«Орта білім беруді жан басына қаржыландыру» жобасына сәйкес, мектептерге қаражат әр оқушыға бөлінеді. Бұл бюджет қаржысын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді дейді мамандар. Ең бастысы, ұстаздардың еңбекақысы көтеріледі. Жаңа жүйе бойынш,а 2018 жылы әр оқушыға бөлінетін қаржы шамамен 200 мың теңге көлемінде болмақ.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

– Меніңше, «жан басына қаржыландыру» мектептер арасында бәсекелестікті арттырады. Олар білім сапасын көтеру үшін жаңа әдістерді енгізуге тырысады. 2021 жылдан бастап жоба барлық толық жасақталған мектептерге енгізіледі. Сондақтан, жаңа жүйедегі кемшін тұстарды талқылап, анықтап алуымыз керек.

4 жыл бұрын «жан басына қаржыландыру» жүйесі Талғар қаласының мектептеріне сынақ ретінде енгізілген. Нәтижесінде, білім көрсеткіші көтеріліп, ұстаздардың ізденісі артқан. Білім және ғылым вице-министрімен кездескен ұстаздар, жаңа жүйенің тиімділігі мен әлі де жетілдірілетін тұстарын ортаға салды.

Алмагүл Асанова, Талғар қаласы №49 мектептің директоры:

– Бүгінгі таңда осы жобамен жұмыс істеуге төселдік. Ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың жетістіктері жеткілікті. Бұл жобаның ең басты ерекшелігі ұстаздың мәртебесін көтеруге өзінің септігін тигізе біледі. Және ұстаздар аянбай еңбек етуге, нәтижелі еңбегін көрсетуге мүмкіндік туатын жоба деп ойлаймын.

Қаржыландырудың жаңа жүйесі бойынша жақсы нәтиже көрсеткен ұстаздарға арнайы сыйақы тағайындау қарастырылған. Ал мектеп бюджетін бекітіп, қаржыны игеруге мектептердегі Қамқоршылық кеңесі атсалыспақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз