Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

“Бұл – үшінші кітабы”. Келімбетовтің кітабы әзірбайжан тіліне аударылды

166

Фаик Худанлы, аудармашы:

– Кітапта түркі халықтарының дастандары мен танымал тұлғалар жайында энциклопедиялық мағлұматтар берілген. Шығарманы аудару үшін 1 жыл уақыт кетті. Тіпті 20-ға жуық дереккөзін зерттедік. Себебі туындыда түркі халықтары жөнінде тарихи ақпарат қамтылған. Сондай-ақ қазақ тілінде өлең жолдарымен жазылған үзінділер көптеп кездеседі. Шығарманың мазмұнын жеткізу үшін қазақ тілін үйренуге де тура келді. Бірақ біздің тілдерімізде ұсастық көп. Сондықтан аудармадан ләззат алдық.

Чингиз Алиоглу, ақын:

– Бұл – Немат Келімбетовтің Әзербайжанда шығарылған үшінші кітабы. Шығармада түркі халықтарының тарихи байланысы мен мәдениеті жөнінде ақпарат берілген. Ғалым атақты ойшылдардың ғылыми және шығармашылық мұраларын да мұқият зерттеген.

Кітап авторлары туындының зерттеушілерге тигізер пайдасы мол екендігін айтады. Себебі онда көпке беймәлім түркі дастандары мен эпостары жанында құнды ақпарат қамтылған. Әзербайжандық оқырмандар кітапті жуырда дүкен сөрелерінен таба алады. Ал әзірге елдегі барлық кітапханаларға таратылды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз