Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бұл Қазақстан ғой. Өзін-өзі өртеген әйелді қамап тастады

2 ақпанда судья Ойқұлова прокурордың Смадьяроваға бұлтартпау шарасын қолдану туралы шағымын қанағаттандырып, Смадьярованы 2 айға қамауға шешім шығарған. Смадьярова 3 ақпанда Атырау облыстық ауруханасынан тұтқынға алынып, СИЗО-ға жөнелтілгені хабарланған еді. Бірақ бүгін оның денсаулығына байланысты ауруханада арнайы палатада жатқаны және оған күзет қойылғаны белгілі болды.

Адвокаты Игорь Вранчев бүгін халықаралық пактілерге сүйеніп Смадьярованы денсаулығына байланысты қамауда бола алмайтынын айтып, оны үйқамақта қалдыру туралы өтініш берді. Бірақ прокурор Смадьярованы бұлтартпау шарасын өзгертуге ешқандай негіз жоғын айтып, қамауда қалдыруды сұрады.

Адвокат Вранчев сонымен қатар бүгін Смадьярованың өзін-өзі өртеген кезінде “кездейсоқ көшеде кетіп бара жатып оны сөндіруге көмектескен, оқиғаны көзімен көрген адамды” куәлік беруге шақыруды да сұрады. Бірақ судья ол өтінішті де қанағаттандырмады.

Бұдан соң адвокат Вранчев судья Ойқұловаға қарсылық білдірді. Судья кеңесу бөлмесіне шығып кетті.

Смадьярова 2016 жылдың тамызында жұмыстан шеттетіліп, үй қамаққа алынған. Ол “пара алу” айыбы бойынша күдікті саналып отыр.

 

ә

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз