Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Қазақ өнері үшін ең қасіретті күн» — Айнұр Тұрсынбаева әншіге араша сұрады

890

— Ел болып, жұрт болып өнер үшін жаралған жүректі қаматып тастап қарап отырғанымыз сүйегімізге таңба! Былтыр Тұңғышбай, биыл Гауxар… Келесі кім?! – деп жазды айтыскер ақын өз парақшасына.

Айтыскердің айтуынша, әншінің сеніміне кіріп, сотқа берген құрбысына Мұхтар Шахановтың «Әке үкімі» өлеңінен үзінді келтіреді.

«40 мың доллар үшін қыздың тағдырын сындырдыңыз ғой, жаным-ау?! Алаш ардақтаған адаммен дос болғаныңыздың өзі, қасында жүргеніңіздің өзі теңдессіз бақыт еді ғой… Не болды енді?!
Мұқтар Шаxановтың “Әке үкімі” деген өлеңін оқыңыздаршы… Маxамбеттей ақынды өлтірген жауызға өз туған әкесі үкім шығарып тұрып айтқан сөзі бар:
Ақын деген киелі аққу самғаған
Ал, ендеше аққуды атқан адамды,
Қай атаңнан көріп едің оңбаған?!»

Заң бәрімізге бірдей. Бірақ елдің еркелеріне деген құрмет қайда?!

«Қазақ ән өнеріне Гаухардай үлес қосқан қыздар аз! Мұзарт «Бір тамшы көздің жасындай» деп ән салғанда үзіліп тыңдаған жанкүйер жұрт қайда?! (Гаухар Әлімбекова әннің авторы – ред.) Қыздың қарғысынан қорқатын қабырғалы қазақ қайда?! Жанашыр ағалар қайда?! Осынша қатыгездікке кім үйретіп жатыр бізді?» — деп батырып жазды айтыскер.

— Бұл қазақ өнері үшін ең қасіретті күн. «Бір тамшы көздің жасындай» мөлдіреп кете бардыңыз-ау, жаным, әпке. Сұп-суық қабырғалардың арасында жаурап жатқан шығарсыз. Сәл шыдаңыз! Халықтың ерекше ыстық ықыласын сезіну үшін осы сынақ керек те болған шығар, – дей келе айтыскер жазбасын халық әнінің сөздерімен аяқтады:

«Жақсылар жақсымын деп айта алмайды..
Жамандар жақсымын деп айқайлайды..
Күнде көріп жүрген соң қадірі жоқ,
Таулардың биіктігі байқалмайды..
Біздің ел өз жақсысын өзі өлтіріп,
Артынан асын беріп той тойлайды».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз