Көресінді қатынымнан көрдім. Біз – бір қарағанда ым-жымы білінбейтін, тәп-тәуір отбасымыз. Ортамызда бір бала бар. Мен де, жарым да 25-ке енді толамыз. Бірақ менің әйеліме деген көңілім суып барады.
Әйелім Алматыдағы спорт академиясын бітірген. Мектеп жасынан бастап дзюдомен айналысқан екен. Бір тойда танысып қалдық. Оның арты махаббатқа ұласып, ақыры үйленіп тынғанбыз.
«Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады» деген бабаларымыздың сөзі шын екен.
Бағила өзінің өнерін үйленгеннен кейін көрсете бастады. Отбасы болған соң кейде жүз шайысып қаласың. Осындай бір ренжіскен кезімізде еркектігімді пайдаланып, қолымды сілтеп қалғанмын. Ол көз ілеспес жылдамдықпен қолымды қағып, дзюдоның бір тәсілімен мені жерге алып ұрды. Мұны әйелімнен күтпегенмін. Оңбай түстім. «Өй, шешеңді… Қазір қаныңды ішемін», деп айқайладым.
«Сорлы, менің шешемде не қақың бар? Кәне, кешірім сұра» деп бір тізесімен мені жерге басып, қолымды күтірлете бұрағанда жан дауысым шықты. Амалсыз кешірім сұрадым.
Содан кейін қолымды бір апта көтере алмай, ауырсынып жүрдім. Мұндай жайлар басымнан бір емес бірнеше мәрте қайталанды. Әйеліңнің спортшы болғаны қиын екен. Соның ығына жығылып сөйлеп, айтқанынан шықпайтын болдым. Достарым да «Бағиланың айтқанынан шықпайсың, басыңды дуалап қойған жоқ па?» деп ренжиді.
Олар қайдан білсін, тілін алмасам Бағила мені сабап алатынын…. Кейде өмірден түңіліп кетемін.
https://kaz.365info.kz/jeli-nshi-bolmasyn-foto-247538
«Осы қызға қайдан жоладым? Қайдан үйлендім? Өмірім өксікпен өтетін болды. Әлде, ретін тауып ажырасып кетсем бе екен? Әлі жаспын, өмірім алда» деп ойлап қоямын. Бірақ жақында дүниеге келген ұлымды қимаймын.
«Ойпырмай, қазір ортаға жүгіріп шығып, екеуімізді екі ұрар ма екен», деп шошыдым. Әйелім көпшілік ортада әдеп сақтады ма, өйтпеді. Тек жанына отыра бергенде «о, сорлы, бүкіл елдің көзінше мені позор еттің. Анау әнші емес қой, киген киіміне қара, таза жәлеп. Сонымен мәз болып ән айттың. Үйге барған соң, әкеңді танытамын», деп әйелім ызғар шаша құлағыма сыбырлады.
Енді үйде тағы бір сойқанның болатынын ойлап, жүрегім дүрсілдеп, мазам кетті. Халық «жұп болсын» деп қолқалап еді, әйелімнің жайы белгілі болған соң, «Режімеңіздер, ауа жетпей, жүрегім қағып барады, қайтайық», деп әйелімді жетелеп, той иесімен қоштасып, сыртқа беттеп бара жатыр едік, әлгі әнші қыз артымыздан ере шығып: «аға, дауысыңыз жақсы екен. Тойларда бірге дуэт айтайық. Мені тойға жиі шақырады. Тәп-тәуір ақша жасауға болады», деп телефон нөмірімді сұрап алды. Әнші қыз қиылып тұрған соң амалсыз бердім. «Жоқ, болмайды» деп айта алмадым. Онымен қоймай, ол «жақсы, аға» деп қол беріп қоштасып, бетімнен сүйіп, өзінің бетін тосқаны. Амалсыз сүюге тура келді.
Мұны көрген әйелім жынданып кете жаздады. Былай шыға Бағила тістене сөйлеп: «Бейшара, мені ешуақытта бетімнен сүйіп, мәдениеттілік көрсетпеп едің. Ана қатынды қадала сүйдің ғой. Еше бірігіп ән айтпақшы екенсің ғой. О, сорлы! Бір ұрып жағыңды сындырып, отыз екі тісіңді қағып алайын ба, осы? Әкел телефоныңды» деп ұялы телефонымды алып, сим-картасын екі бүктеп сындырып лақтырып жіберді. «Ертең басқа симка аласың. Ана әншіні ұмыт. Соның жалтыраған санына, бұлтиған бұты мен торсиған төсіне қарап өліп қала жаздадың ғой. Көрсетейін мен саған», деп үйге жеткенше долданып келді.
https://kaz.365info.kz/k-jeui-taksist-bolmasyn-247006
Құрсын. Осы оқиғадан кейін тойға баруды да доғардым. Барғанда не керек, әйелім «ішкенімді ірің, жегенімді желім» етеді.
Өмірім өстіп өтіп жатыр. Қалайда тезірек ажырасып кетсем бе, деймін. Отбасында ер адамның орны болмаған соң, сөзі өтпеген соң не керек?
Бүкіл өмірімді бір қатынның айдауында өткізгім келмейді.
Жұрт «әйелің әнші бомасын, күйеуің таксист болмасын», деп жатушы еді. Менікінің жанында ол түк емес секілді. Ең бастысы, әйелің спортшы болмасын! Әлі үйленбей жүрген еркек кіндіктерге айтарым осы.
Жармахан Майқы
https://kaz.365info.kz/bokser-khatyn-bybish-eniregen-ermahan-ajeldin-kyjeuin-yruy-dyrys-pa-283751