Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бұл қалай өзі?”. Экс-министр Досмұхамбетовтің үйінен 3 млн доллар мен 50 мың еуро ұрланды

Көп ұзамай күдікті де ұсталыпты. Бірақ, ұрлыққа еш қатысым жоқ деген ол енді өзінің кінәсіз екенін сотта дәлелдей алмай әлек.

Бұрынғы Туризм және спорт министрі, Астана қаласының әкімі, Президент істері басқармасының басшысы, Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы, Мәжіліс депутаты. Темірхан Досмұхамбетовтің осыған дейінгі атқарған қызметтерін тізіп айтса таусылмас. Ал бүгінде белгілі кәсіпкер. Биыл дәл Наурыз мейрамында экс-шенеуніктің үйінен ірі көлемде ақша ұрланыпты. Бұл туралы құзырлы орындардың құжаты былай дейді.

– Белгісіз тұлғалар өзгенің мүлкіне қол сұғарын біле тұра заңсыз жолмен ғимаратқа кіріп, бөлмеде орналасқан металл сейфті бұзып, сол жерден Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлына тиесілі ірі көлемдегі ақшаны ұрлап, сол арқылы айтарлықтай мүліктік зиян келтірген.

Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адам қамауда отыр. Алайда, адвокаты оның ешқандай ұрлық жасамағанын айтады. Өйткені, іс бойынша ұрлыққа куә болған адам жоқ.

Әлімжан Оралбай, адвокат:

-Ол кісі үйде болған. Ол кісінің әйелі үйде болған. Ол кісі түнгі уақытта үйде ұйықтаған. Үйден шықпаған.

Ұрлық болған үйдің маңайы қазір шыбын даусы естілместей тым тырыс. Қақпасы берік бекітілген, ішіне кіріп-шығып жатқан адам көрінбейді.

Ал Темірхан Мыңайдарұлы болса ұрылар түскен үй бауырына тиесілі екенін айтып отыр. Сөзіне сенсек, ағасы қалада болмай қалып, орнына полицияға өзі арыздануға мәжбүр болыпты. Десе де іс материалдары бойынша Досмұхамбетовтің өз аты тұр. Демек, экс-шенеуніктің есімі әлі талай сөз болайын деп тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз