Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бұл қалай? Бішкектегі 3,4 гектар жер үшін Қытайдың аренда төлемеуіне рұқсат берілді

Бүгін бәрі күрт өзгеріп кетті.

Дауыс беру кезінде 45 депутаттың 24-і Қытай елшілігін аренда төлеуден босатуды қолдап шықты.

Музуралиев хабарлағандай, Сыртқы істер министрлігіне қарасты “Кыргыздипсервис” кәсіпорнының қызметкері қала кеңесінің отырысында ақпаратты өзгеріп беріпті.

“Кыргыздипсервис” маманы ұсынған қағаздарда, “тегіндеген сөз болған. Соны көрген депутаттар Қытайға тегін жер беруге болмайды деп өре түрегелді. Бүгін сыртқы істер министрі келіп, бәрін түсіндірді. Қытай бізге Пекиннен 25 сотық жер береді екен, ол жерге алты қабатты тұрғын үй кешені салынып, оның жанынан үш қабатты елшілік ғимараты салынады дейді. Жобаның құны 9 миллион доллар“,

деді Музуралиев.

Депутаттың айтуынша, 2003 жылы Қырғызстан Қытайға 49 жылға арендаға жер берген. Ал елшілік жыл сайын 700 мың сом төлеп келген. Музуралиевтің сөзінше, Қырғызстанның Қытайдағы елшілігі одан әлдейқайда көп ақша төлеген.

Енді екі тарап та арендалық төлемнен босатылды“, — деп қосты ол.

Айта кетсек, маусым айының басында Қырғыз президенті Сооронбай Жиэнбеков Қытайға ресми сапармен барады деп күтілуде.

Фото: © REUTERS / Vladimir Pirogov

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз