Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бұл да ерлік…”. Нұргүлдің мәлімдемесі неге қозғау салғанын білесіз бе?

145

 

Біріншіден, Конституцияда төрде белгіленген мәртебелі орны бола тұра  босағада қағажу көрумен қалыс қалып келе жатқан Қазақ тілінің  мерейін көтерген  бұл жолы  әдеттегідей белгілі қоғам қайраткерлері, қаламгерлер емес… биліктің өкілі – Бас прокурордың кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина болды.

Екіншіден, бұл мәселе қатардағы қоғамдық жиындарда емес, ресми орыннан  – билік өкілдерінің қоғам алдында есеп беретін Орталық коммуникациялар қызметі  мінберінен көтерілді.

Үшіншіден, заңдылықты  қадағалаушы орган – Бас прокуратураның  өкілі  заңды қорғап, қолдауда өзі үлгі көрсетіп, елге өнеге болды.

Төртіншіден, 

Нұргүл Қарағойшина Қазақ тілін қолдауды тек сөз жүзінде ғана айтып қоймай, нақты ісімен көрсетіп, тек мемлекеттік тілде ғана сөйледі.

Бесіншіден, ең бастысы, Бас прокурордың кеңесшісі тек мемлекеттік тілде ғана сөйлеп қоймай, Ресей  тілінде қойылған сұраққа Ресей тілінде жауап беруден бас тартып, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілінде жауап берді!

Ал, алтыншыдан, ауыз толтырып айтатынымыз,  Нұргүлдің өзі брифингте мәлімдегендей, Елбасымыздың Рухани жаңғыруына  үлес қосуды  іс жүзінде көрсете білді.

«Бүгінгі тақырыбымыз «Руxани жаңғыру» болғандықтан мен брифингті мемлекеттік тілде өткізгім келіп отыр. Егер сұрақтарыңыз орыс тілінде болса, біз оған қазақ тілінде жауап береміз, кейін өздеріңіз аударып аласыздар. Себебі «Руxани жаңғыру» дегенде мұның артында мемлекеттік тілдің мүддесі, ұлттық мүдде деген тақырып жатқанын жақсы түсінесіздер деп ойлаймын. Осы шараны өткізетін кезде баспасөз қызметі арқылы бір мәселе айтылуы керек болған. Біз «Руxани жаңғыру» тақырыбын бастағаннан кейін руxани жаңғырып жатқанымызды дәлелдеуіміз керек.  Орыс тілінде өткен шараларды қазақ журналистері аударып жүрді, аударып та келеді, енді сіздер, орыс тілді журналистер, қазақ тілін де аударып көрсеңіздер!»

Нұргүлдің соқырға таяқ ұстатқандай,  шегелеп айтылған шешімді сөзі бәрімізді қатты қуантты.

Бұл да ерлік пе? 

Оқырмандардың ішінде «Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл, ендеше, қазақ тілінде сөйлеу де ерлік болып па? Ол оның міндеті емес пе?», – деген пікір де естіліп қалды.  Бұл пікірдің айтылуы орынды да, орынсыз да  деуге  болады. 

Орынды болатыны, иә, өзін өзі сыйлайтын барлық мемлекеттің бәрінде мемлекеттік тілде сөйлеу міндетті.

Әрине, ол әлемде Қазақстаннан басқа мемлекеттердің бәрінде.  Мысалы, Өзбекстанда өзбек тілінде сөйлеу ешкімді таңғалдырмайтыны белгілі. Ал орынсыз болатыны – мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік тілде сөйлемейтін елде мемлекеттік тілдің мерейін көтерер кез келген әрекетті  қос қолдап қолдаудың орнына, осылай орындалмай келе жатқан  заңды айтып, аяқ астынан «ақылды» бола қалатындар Қазақстанға басқа планетадан  келген сияқты көрінетінін таратып айтпай-ақ қоялық.

Ал енді  26 жылдан бері

Қазақстанның мемлекеттік тілі мен ұлттық мүдделерін  қолдаудың орнына үнемі  қарсы шығып келе жатқан орыстілді басылымдар мен сайттар бұл жолы  Елбасының Рухани жаңғыруын бір ауыздан құптағанын көрсетіп, үнсіз келісім танытты.

Мүмкін, Қазақтың қаржысына шығып, қазаққа қарсы саясат ұстау – бассыздық пен  басынудан басқа ешнәрсе емес екенін түсініп келе жатқан болар…  Ал Ресейдің ешкім оқи қоймайтын кейбір кертартпа сайтының  дәлел-дәйексіз, негізсіз  байбаламына бас ауырту Тәуелсіз мемлекеттің   ісі еместігі белгілі.

Бас прокурор кеңесшісі Нұргүл Қарағойшинаның  ешқандай министр мен әкімнің   қолынан келмек түгілі, ойына да кіріп шықпайтын бұл заңды да, мәнді  қарекеті Павлодардағы Руза Бейсенбайтегінің мемлекеттік тіл мүддесі үшін қақаған қарлы қыста трамвай тоқтатқан қайратынан  еш кем емес! 

Әрине, заңды қадағалаушы орган – Бас поркуратура өкілі бұл игі ісін заңдық тұрғыдан жасап отыр,

Ал Рузаның заңның сақталуы үшін заңсыздыққа…  баруын да кінәлауға осыған мәжбүр еткен биліктің еш моралдық құқы жоқ.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз