Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бүкіл шетелді шулатқан қазақ”. Жәнияның орнына келген ректор кім? (видео)

453

 

Елімізде танымал күйші соңғы кездері Ютубтың да жарық жұлдызына айналған. Онда да бұл Димаштың арқасы деп айтсақ артық айтпаған болар едік. Өйткені әлем таңғажайып дауысты Димаш Құдайбергенді тауып, оны мойындаған соң қазақтардың ұлттық музыкасына жаппай тереңірек үңіле бастады.

Осылайша Интернетті шарлаған шетелдіктерге қазақтың «Күй тартыс» өнері ерекше көзге ілінеді. Димашқа қалай таң қалса, ұлттық бұл өнер түріне де шетелдіктер тура солай таңдай қағып, аузын ашты.

https://kaz.365info.kz/iygyma-pyshakh-sykhty-zhaniya-aubakirovaga-khatysty-symdykh-malimet-zhariyalandy-319627

Ұлттық өнерді тамашалаған шетелдіктердің бірі:

«Ойбай, мына қазақтар өлтіреді ғой, бұрын қайда жүрген бұлар, неге көрмегенбіз мына ғажапты»

деп таңданысын жасыра алмаса, ал тағы бірі:

«Бұл — тамаша өнерлі ұлт екен, әсіресе музыкаға жан-тәнімен кіріп кететіні сонша бүкіл ұлттың өзі музыка боп жаратылғандай. Олар тұратын мекеннің өзі бір жұмақ шығар, ал олар — періштелер, көру керек екен Қазақстан деген жерді»

https://kaz.365info.kz/ojbaj-khajtedi-ej-khazakhtardy-korgen-sheteldikterdin-esi-shykhty-video-297606

деп ұмсынады (видеоның оркестр қосылатын соңғы сәтін жіберіп алмаңыздар, нағыз қызық сол арада).

Міне, елді таң қалдырған осы ұлттық оркестрді бастап, күй тартыстың тізгінін қаққан ойнақы да талантты жігіт Арман Жүдебаев болып табылады.

Айта кетелік, танымал күйші, дирижер Арман Жүдебаев Қапшағай қаласының тумасы, 31 жаста, үйленген, бір қызы бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз