Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бүкіл мафияңмен…”. Белгілі журналист Аружан Саинның масқарасын шығарды

Бүкіл мафиясымен енді адвокат Бауыржан Азановты „жеп„ жатыр ма?! Браво! Жеңдер! Бала – сендердікі емес. Ол жәй әкесінің жылы сөзін, туған анасының аялы алақанын көрмеген, әжесінің қабағына қараған тастанды ғана.

Өз қанасынан шықпаған балаға жаны ашып қайтсін, тәйірі?!

https://kaz.365info.kz/zagipa-balieva-shymkenttik-balanyn-okhigasyn-zheke-bakhylauyna-aldy-306536

Зағипа xанымды осы Аружан бастаған топ айқайлатып, ойбайлатып, омбудсменнен жұлып алды.

Жеті жасқа дейін тәрбиелеген әжесін итеріп тастап, анасына берді. Кезінде қайда болыпты анасы?! Неге ол жеті жасқа дейін тәрбиесіне алмай, енді келіп жаны аши қалғаны? Барлығын тауысып, қайырымдылық жасаушылар ендігі адвокатын жексұрын етіп жатыр.

Сол оқиға басталған кезде Шымкентке кім барып еді, ағайын?! Естеріңізде ме? Аружан ба?! Мен неге сол әйелді көрмедім, а?!

Азанов емес па еді өз қаражатына Астана-Шымкент-Алматы-Астана-Шымкент-Алматыға ұшып жүрген. Ал, Аружан болса әсем қала Алматыда отырып, «бла-бла-бла» деген посттар жазып отырды емес пе? Енді барлығы дұрысталғанда адвокат жаман болып қалды ма?!

https://kaz.365info.kz/podstavit-etip-khyrtamyn-seltanovtyn-ystinen-khylmystykh-is-khozgaldy-309038

Рамазан айында бастама депті Азановқа бір ұятсымақ адвокат. Соған айтарым: Бастасын! Бізге Ораза айында ақиқат керек. Біз шындықты естуіміз керек. Сендер орыстілді блоггерлер, Аружанның сөзіне сенсеңдер, мен балақайдың шын жанашыры болған Бауыржан Азановқа сенем! Сендердің артында үлкен алпауыт элита xанымдар мен мырзалар тұрса, Азановты жақтаушының артында мен секілді шыншыл журналист тұр. Ал, менің соңымда мыңдаған xалық бар. Саясатқа балақайды араластырмаңдар! Өз балаңды солай жұлмаласа көрер ем…

Қызық, айқай-шуды бастаған Аружан періште екен де, қалған кісілер монстр болды ғой. Менің жүз мыңдаған оқырманым күніге осы балақайды сұрайды. Ал бұлар болса балақайды саясатқа араластырып, ойыншыққа айналдыруда. Парадокс», – деді журналист желідегі жазбасында.

https://kaz.365info.kz/isti-zhauyp-tastajdy-zanger-okhushyny-zorlau-okhigasyna-khatysty-ashhy-shyndykhty-ajtty-306361

Айта кетейік, наурыз айында ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны белгілі болды. Оны зорлады деп сол баламен мектепте бірге оқитын 3 жоғары сынып оқушысы күдікке ілінді. Бұл оқиға былтыр болғанына қарамастан істің қозғалмауы әлеуеттің ашуын бұрқ еткізді. Сөйтсе бұл арада шенділердің қатысы барлығы анықталды. Нақтырақ айтқанда, мектеп директорының туған-туыстары дөкей екендігі айтылды. Оқиға орнына омбудсмен Зағипа Бәлиева барып, баланы әжесімен бірге Астанаға алып кетті.

Ал мемлекеттік қараудан баланы қоғам белсендісі Аружан Саин тартып алды. Алға анасын салды. Анасы мемлекеттік қорғанға сенбейтінін мәлімдеді. Сөйтіп тәуелсіз сарапшыларға жүгінді. Тәуелсіз сарапшылар сараптама процесінің ұзаққа созылатынын, кем дегенде 9 ай болуы мүмкін екенін жариялады. Содан бері ел әліптің артын әлі бағып отыр. Айтқандай, арасында баланың адвокаты өзіне қоқан-лоқы жасалып жатқанын айтқан еді.

https://kaz.365info.kz/senbejmiz-khogam-belsendileri-zorlangan-balany-tauelsiz-sarapshylarga-teksertpek-306404

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз