Нұр-Сұлтан
Қазір
-21
Ертең
-19
USD
515
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.17
0.00

Бүкіл әлем қазақтарды не үшін ренжітті – ұлттық дәстүрлер туралы шындық

707
фото: tirshilik-tynysy.kz

Ашық әңгімелескен кезде мен сыртқы жауларымыз туралы әңгімелерді жиі естимін. Олардың барлық жерде бар екендігі туралы. Олар қалай пайда тапсам екен деп күтіп отырады. Қалай опық жегізсем екен? Қалай ұрлаймын деп аңып жүреді. Кейде тіпті түрлі басылымдарда және сайттарда әлемнің қалған барлық бөлігіне шағым айтқан материалдар жарық көреді. Қазақтарды бәрі ренжітуге тырысады деген сияқты. Не үшін, сұрайықшы?

Біз әлемде ешкімге жамандық жасап жатқан жоқпыз. Сосын бүкіл әлемге де, шынын айтсақ, бәрібір. Біз қазіргі заманғы ғарыш кемесіндегі моңғол ғарышкерлері сияқтымыз. Бірге ұшып келе жатқан сиятысың, бірақ аспаптарға жақындатпайды. Құдай сақтасын, байқамай басқа батырманы басып қойсақ, содан кейін… Ой, бәрібір де олар ренжітуге тырысады. Алдайды. Жазалайды. Көбінесе сенгеніміз үшін. Қарапайымдылығымыз үшін. Ашықтық пен мейірімділігіміз үшін.

Гольф туралы лирикалық шегініс

Егер осы мәлімдемелерге сенсек, онда біз қызғаншақ, кекшіл, плагиатшылар мен ұрылардың ортасында өмір сүріп жатқандаймыз. Бізден бәрін солар ұрлап жатыр деп болжайды. Оларға мұнай мен газ, қымыз бен қазы аз, сондықтан олар біздің ертегілерімізді, мифтерімізді, салт-дәстүрлерімізді де иемденген.

Менің бір досым, керемет гольфшы, гольфты бізден шотландтықтар ұрлап алған дейді. Оның тіпті, осыған байланысты өз теориясы бар.

Бір кездері, шекарашылар мен кеден қызметтері болмаған кезде, біздің теңдесі жоқ парламент халықты түрлі әлеуметтік күйзелістерден соншалықты қорғай қоймаған кезде, күш құрылымдары наразылық көңіл-күйімен, сыбайлас жемқорлықпен және парақорлықпен айтарлықтай құлшыныспен күреспеген кезде… Жалпы айтқанда, өте ерте кездері шотландтың бір саяхатшысы біздің даламызға келген көрінеді.

Ол мұнда визалық қолдаусыз емін-еркін жүрген, ешкім ертіп жүрмеген және ешқандай жазалаусыз біздің керемет ертегілерімізді, аңыздарымызды, эпостарымызды жазып алған, сонымен бірге көлденең жатқан нәрселердің бәрін көріп кеткен. Айта кету керек, сол күндері барлығы дерлік “көлденең жатқан”. Қазіргідей емес. Қазір ештеңе таппайсың. Барлығы тазаланған, оралған, биік дуалмен қоршалған және ұқыпты жасырылған.

Ол шотланд келе жатып шопандардың асатаяқпен кең далада бір нәрсені қуып жүргенін көреді. Басында ол ештеңе түсінбеген, сосын жақынырақ барған. Жақсылап қараған. Сөйтсе, ол қатайтылған жылқының кесегі екен. Қойшылар онымен суырдың інін көздеп жүріпті. Айта кету керек, оңай іс емес: дәл тигізіп көр. Бірақ кім дәл тигізсе, сол жеңді.

Шотландиялық саусағымен айналдырып көріп, көшпенділердің жабайы тірлігін тағы біраз бақылап, үйіне оралғаннан кейін жерлестеріне шетелдік ойынды үйреткен. Әрине, оның авторларын есіне де алмаған және ұялмастан авторлықты өздеріне алған. Ал ойын кеңінен танылып, кейіннен бүкіл әлемге кеңінен тараған. Гольф деп аталады.

Мұны неге айтып отырмын? Және сол – айналамыздың бәрі жау дегендерге. Тағы бір мысал келтірейін.

Күйеу жігіттің гүлі

Ежелгі уақытта бізде мындай әдемі әдет-ғұрып болған. Ол мойын тастар деп аталды. Сөзбе-сөз айтқанда мойын омыртқаны тастау.

Оның мәні мынадай. Қалыңдық жас жұбайлардың киіз үйіне алғаш кірген кезде табалдырықты оң аяғымен аттаған (сол аяғымен емес! Мұны қадағалап отырған). Табалдырықты басуға да болмайды – жамандық шақырасың. Содан кейін оның артынан күйе жігіт кіреді. Ол да соны қайталайды.

Содан кейін күйеуі құрметті орынға – төрге жайғасады, оған дастархан жайылды. Ол кезде қара уылдырық болған жоқ, анчоус пен ананас та болмады. Сондықтан оған әдетте суға қайнатып пісірілген мойын омыртқа берілетін. Ол сүйекті тазалап мүжіп, содан кейін оны ақ матаға орап, киіз үйдің күмбезі арқылы далаға лақтыруы керек. Мойын тастар деген осы.

Күйеу бала мойын омыртқаны мүжіп жатқанда, киіз үйдің жанында жастар аңдып жүретін. Олар осы сүйекті күтеді. Сүйек ұшып шыққанда олар қағып алуға тырысатын. Кім қағып алса, келесі үйленетін жігіт сол болады деп саналатын. Енді айтыңызшы: күмәнданып отырған жоқсыз ба? Мұны бір жерде көрген сияқты емессіз бе?

Дәстүрдің мәні туралы

Міне, айттым ғой: дұшпандар ұйықтамайды. Еуропа мен америкада баяғыдан осындай сүйектерді лақтырады. Дұрысы, гүлді. Бірақ бұл әдемі рәсім бастауын бізден алған! Тек оны жаңартқан, өзгерткен, патенттеген. Енді өзімізге қайтармақшы, бірақ басқаша үлгіде.

Енді бізде, естуімше, үйлену тойларында лақтыруға кіріскен. Жалғыз айырмашылығы – ерте заманда біздің ата-бабаларымыз ерлерге арналған нұсқасын ойлап тапқан. Ал дұшпандарымыз оны теріс айналдырып, әйелдерге арнаған. Ең өкініштісі – мағынасы өзгерген.

Бізде басында қалай болды? Төбедегі тесікке сүйекті дәлдеп лақтырумен ғана шектелмеді.

Оның жасырын мағынасы болды. Қарапайым және сонымен бірге күрделі

Күйеу жігіт сүйекті лақтырған кезде, ол ошақтан шығып жатқан түтінге шығатын жол көрсеткен. Егер ол тіке жоғары көтерілсе, онда бұл отбасында жақсылық мен өркендеу болады. Яғни, бәрі дұрыс және керемет болады. Ал, Еуропада қалыңдық  өзінің құрбыларына арқасымен теріс бұрылып, ал құрбылары матчтың тоқсан бірінші минутында пенальти соғар алдындағы Буффон кейпінде тұруы… Мұның артында ештеңе де жоқ. Бұл эстафета таяғын келесі адамға беру ғана. Келесі сен дегендей!

Ал бізде қалай болды! Мәселе, өзіңіз түсініп отырғандай, өмірлік маңызы бар. Тіпті түтін де үй иесіне бағынуы керек болатын. Сондықтан, егер күйеу жігіт бір лақтырғанда дәл көздей алмаса, бәрі басынан басталған. Ол матаның жаңа қиындысын алып, сүйекті қайтадан орап, қайтадан лақтырған. Және де ол шаңырақтың тесігінен дәл өткенше жалғасқан.

Ұмытылғаны өкінішті

Әрине, түрлі жағдай болды. Күйеу жігіттің қолы қисық немесе көзі қыли болған кездер, ондай кезде ұзаққа созылуы мүмкін. Бәрі шыдамдылықпен күтетін. Себебі сүйек лақтыру – бұл әйелдердің ісі емес. Соңында не айтқым келеді? Бәрін бізден жымқырған. Енді үндемей отыр. Не дейміз, өмірде бақыт жоқ. Айналаның бәрі ұры-қарылар. Осылай жымқырады…

Ал жымқырып үлгермеген бір нәрсе бар, ол ау-жар дәстүрі (жар-жар туралы көбірек естідік). Дегенмен белгілі бір мағынада ау-жар қазіргі танымал жар-жардың жалғасы болып табылады. Бұрын біреуі екіншісіне біртіндеп жалғасып кететін.

Ау-жар – бұл әкесінің үйінен ұзатылып бара жатқан қалыңдықтың қоштасу әні. Өкінішке орай, оның айтылмағанына біраз уақыт өтті. Қазір әкесінің үйімен қоштасқанда басқа ән шырқалады. Өкінішке орай. Бейонсе, Кэти Пери, Меган Трейнор және (әсіресе өкінішке орай) Төреәли репертуарынан … Бұрын ау-жар шырқалатын.

Бұл қайғылы ән деп саналады. Ән – қайғы, ән – ажыратқыш. Бірақ бұл мүлдем олай емес. Жүрегінің түбінде қыз бала ұзатылып бара жатқанына қуанды. Ол ақыры тұрмыс құрып, отбасын тапты. Екінші жағынан, әрине, туыстарынан және жақындарынан жырақта жүретіні өте өкінішті. Бірақ өмір орнында тұрмайды. Сондықтан мұндай әндерге кейде әзіл-оспақ та араласқан. Күлкілі.

Міне, осылайша, әзіл-қалжыңмен және мұңая көзіне жас алып, қалыңдық күйеуінің үйіне ұзатылған. Бұл әнді құрбылары қағып алып, соңынан айтып жүрген. Бірте-бірте бұл ән ержеткен жігіттермен айтысқа ұласқан. Қыздар олармен өткір сөздерімен сынға түскен кезде, қалыңдық өз үйінен алыстай берген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз