Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Бүйткен саудасы құрысын!..”. Қорғасқа барғандар өздерін қалай ит қылатындарын айтып берді

124

https://kaz.365info.kz/or-as-shekara-ma-y-haly-araly-yntyma-tasty-ortaly-yny-prezidenti-amau-a-alyndy-224161

Мәселен,  қазақ-қытай шекарасындағы халықаралық сауда орталығына күн сайын орташа есеппен 2 мыңға жуық адам барады екен. Оның тең жартысынан көбі автобусқа мінбейді деп алсақ, бұл – 1500 адам. Демек, Қорғас шекарасындағыларға күніне 2 млн 250 мың теңге (!), ал айына 54 млн теңге садақаға ақша тасталады.

Бұл ақша мешітте қалса ғой дейміз де қанша жетім-жесірге, үйсіз-күйіз жүргендерге көмек болар еді. Бірақ, жоқ, өкінішке қарай, бұл ақша белгілі бір адамдардың ғана қарнын қампайтуда.

Садақа ақшаның жайын осы арадан қайырайық. Мәселе осымен тынса жақсы ғой. Шекті көлемнен артық жүк артып шығатын саудагерлердің жайына тоқталғымыз да келмейді. Бұл арада да көз қысты, бармақ басты.  Заңды бұзғандар, оған көз жұмғандардың өзіндік түзіп алған бір жүйесі бар. Бұл арадағы қарпылатын ақшаны айтсақ ауызға цифр сыймайтын сияқты.

Автобустар төбесін бір көрсетіп, қашып кетеді…

Бізге бастысы – сауда жасауға барған қарапайым халықтың немесе нарық тілімен айтқанда, шопинг туризм қызметін тұтынушылардың жайы. Арғы бетке оп-оңай жеткен көпшілік қайтарда қатты қиналады. Ит-күшік болады. Басқа қалай айтуға болады? Автобус түгілі жалдаған таксидің өзіне адам құсап отыра алмаса. Ондағы жүгі қайсы, адамы қайсы айырып болу мүмкін емес. Осылайша тығындалған, нығыздалған таксидің өзі өткізу бекетінде ұзын-сонар кезекте тұрады. 1,5-2 сағатқа дейін. Қысылып-қымтырылған халық екінші бұл жерге бармастай та болады өзі. Бірақ таяқ тастам жер. Арзан баға мен мұндалап тұрса, халық қалай шыдап тұрсын, қиындығына қарамай келесі кезекте де бас қойып кетеді.

https://kaz.365info.kz/parakhorlardy-tyrmeden-bosatatyn-ol-khandaj-zan-259770

«Халыққа жағдай жасауларың керек. Анандай автобус бар. Асты бар. Үстінде адам отыратын. Бір адамның орнына неше адам отырады. Рас па? Біз ит болып жүрміз, міне.  Жасым 50-ден асып 60-қа жақындаған, өлуіміз керек пе осылай?», – дейді Жаркент қаласының тұрғыны Қорғасбаева Зейнешгүл.

«Екі қолымызға екі жүк ұстап автобустарға отыра алмаймыз. Жүре алмаймыз. Жүргізбейді бізді. 1500 теңге төлейміз. Бірақ, біз автобусқа отыра алмаймыз. Таксилер де сол. Ана жаққа 1500 төлейміз, таксилерге отыру үшін де сонша төлеу керек. Біз сонша ақша шығара алмаймыз ғой», – дейді Жаркент қаласының тұрғыны Айша Тайырова.

Халықаралық сауда орталығы аумағында бар-жоғы 25 автобус жүреді. Онда да олар қалтқысыз атқарса өз жұмысын жақсы ғой. Қулыққа салып, күтіп тұрған халыққа төбесін бір көрсетіп жоқ болады. Жүгін артынған тобыр оның артынан тұра жүгіреді. Бірақ техника ғой, жеткізбейді.

Не істеп жүргендерін өзі біледі. Араға сирек қатынайды. Бензинін солай үнемдейтін шығар. Мүмкін оны сатып пайда көре ме екен?.. Мүмкін бізге емес, таксиге отырсын дей ме екен?..

https://kaz.365info.kz/ajdanaga-nege-khyryndajsyn-khorgasta-pyshakhtaskhan-zhigitterdin-ne-yshin-tobeleskeni-belgili-boldy-video-265446

Сөйтіңдер деп таксиілер майлап қоя ма ауыздарын?

Әйтеуір сондай бірдеме бар. Әрине, жолақы тікелей қолдарына тимеген соң автобус күтіп тұрған адамдардың хал-күйі оларды алаңдатпайды.  Бастысы – айлықтары жүріп жатыр. Ал алда-жалда бұл автобусқа ілінгендер болса, олар білектілер ғана. Иә, топырлаған қауымды бұза-жарып, біреулерді аттап-пұттап, итеретінін итеріп, тебетінін теуіп, қиян-кескі ұрыспен кіреді онда…

Ал өздері былай дейді: Қиналса ақша төлеп, кезексіз өтсін…

Бір қызығы, халықаралық орталықтың басшылығы бұл былықтардан хабардар екен. Тығырықтан шығудың жолын қарастырыпты-мыс. Көктемде әуежайдағыдай жүкті өткізіп, арғы беттен күтіп алатын жүйені іске қосуды жоспарлап отыр екен. Ал, оған дейін кезекте тұрғысы келмейтіндер гид қызметінің көмегіне жүгінсе болады дейді.

«Олар кезексіз өтеді. Туристік топтарға арнайы дәліздер қарастырылған. Алдын ала келетін және қайтатын уақыттарын ескертуі тиіс. Әрине, қызмет құны сәл қымбат болуы мүмкін. Бірақ, уақыттарын жоғалтқысы, кезекте тұрғысы келмейтіндер осы гидтердің қызметін пайдаланады», – дейді «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралы орталығы АҚ президенті Жазин Қаһарман.

Жаңа жүйе көктемде іске қосылуы тиіс. Қазіргі ескі 25 автобустың орнын заманауи 50 қоғамдық көлік басады деп күтіліп отыр. Халықаралық орталықтың басшылығы «сәуір келіп тәуір боларына» сенімді. Ал, оған дейін жұртшылық кедендегі кептеліс пен керістен әзірге арылмайтың сыңайлы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз