Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бүгіннен қалдырма дедім…”. Ахметов Аягөзде үйсіз қалғандарды бір қуантты

Облыс басшысы үйсіз қалған аягөздіктерге үй беріле бастағанын да айтты.

„Су тасқынынан күл-талқаны шыққан сегіз үйдің иелерінің қолдарына бүгін жаңа үйдің құжаттары тиеді.Ал су басқан қалған үйлер әлі сараптамадан өткізілмек. Аягөзде қазір 15 үй сатылымға қойылыпты, әкімдік оның бәрін сатып алмақшы. ол көп уақытты алмауы керек. Баға ақ-асты шарықтап шыға келмес. Қазіргі баға менің үстелімде жатыр, бәрін біліп отырмыз„ – деді Даниал Ахметов.

Бұдан бөлек әкім қайырымдылық жайына да кеңінен тоқталып, аягөздіктердің көңілдерінің ақтығына да қатты тәнті болғанын айтты.

„Кеше су басқан Аягөзде болдым. Халқы қайырымды жандар екен, зардап шеккендерге қолынан келгенше көмектесіп, үйіндегілерін тасып әкеліп беріп жатыр. Біреуі тамақ, біреуі бауырсақ пісіріп беріп жатыр. Көңілді қозғап жіберді. Міне, біз осындай мейірімді де қайырымды халықпыз ғой.

„Парыз„ қорынан 50 миллион теңгені алып, бүгін Аягөзге аударып жібердік. Керек болса тағы аударамыз. Оған, негізінен баспана алынады.„ – дейді облыс басшысы.

Өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге жылу жинап жатқандар ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағы өңірдегі өкілдігі “Шығыстың асары” акциясын жариялады, „Нұр Отан„ мен партияның „Жас Отан„ жастар қанатының осы аймақтағы бөлімшелері гуманитарлық көмек көрсету пунктін ашты. Өскемен қалалық әкімдігі „Жастар ресурстық орталығы да гумантитарлық көмекке жылу қабылдауда. Бұдан бөлек жергілікті қоғам белсенділері мен кәсіподақтар “Тасқын көмек-2018” акциясын іске қосты. Өткен жылы бұл акцияны ұйымдастырушылар су тасқынынан зардап шегушілерге 10 тонна гуманитарлық көмек жинап берген.

Ахметов алдағы 4 күннің ішінде мамандар тікұшақпен суы бар жерлерді көктен шолып, тағы да қай жерлерден су кету қаупі бар екенін анықтайтынын, ол араға жұмыс күші жұмылдыратынын да айтуды ұмытпады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз