Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бүгіннен бастап. Жол ережесіндегі қандай айыппұлдар төмендетілді

Мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойғандардың айыппұлы адамның ақылына сыймайтын 50 АЕК-тен 10 АЕК-ке, немесе 24 050 теңге түсті. Былтыр бұл айыппұл 113 450 теңге болған.

Бұрын жаяу жүргіншілер және жол қозғалысының өзге де қатысушыларына жол ережесін бұзған жағдайда 5 АЕК (11 345 теңге) айыппұл салынса, енді ол 2 АЕК болды (4810 теңге).

Жылдамдықты сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін арттырғандарға салынатын айыппұл 10-нан 5 АЕК-ке түсті. 20-дан 40-қа дейін арттырғандардың жазасы 15-тен 10 АЕК-ке дейін азайды.

Ал жылдамдық ережесін рұқсат етілгеннен сағатына 40-тан астам шақырымға арттырғандардың айыппұлы 40 АЕК-тен 30 АЕК-ке төмендеді.

Сонымен бірге, ереже бұзу дерегі автоматты түрде жұмыс істейтін арнайы камералар арқылы тіркелген жағдайда да айыппұлдарға 50 пайыздық жеңілдік берілетін болды. Ол үшін айыппұлды салынған күннен бастап жеті тәулік ішінде төлеу керек.

Фото: Нурлан Байсенов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз