Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй блоктан шығу келіссөздерін бастау жөніндегі ниетін Еуропалық одаққа жеткізетін ресми хатқа қол қойды.
Reuters’тің хабарлауынша, агенттік тілшілері ЕО кеңесінің президенті Дональд Тускке бүгін тапсырылатын хаттың көшірмесімен танысқан. Тоғыз ай бұрын Британия халқы ЕО-дан шығу шешімін референдумда қолдады. Мемлекет бұл ұйымға 1973 жылы қосылған еді.
Келіссөздер екі жылға созылады, Ұлыбритания блоктан 2019 жылы наурызда ресми түрде шығады. Еуропалық одақ елдерінің басшылары Британияны бұл шешімі үшін жазаламайтынын мәлімдеді, бірақ блок мүшелері ұйымнан дәл осылай тез әрі жеңіл шыға салуды қаламайды.
Ресми хатты алған соң, Туск екі тәулік ішінде Еуропалық одақтың басқа 27 мүшесіне келіссөздер жүргізу ережесінің алғашқы нұсқасын жолдауы тиіс.