Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бүгін республикамыздың аймақтарында күн қатты ысиды

Батыста, оңтүстік батыста және солтүстік шығыста күн ашық болады. Қостанай, Ақтөбе облыстарының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жел тұрады. Бұршақ жаууы да ықтимал.

Қызылорда, күндіз Ақмола облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Мұнда да бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жекелеген аудандарда бұршақ жауып, түнде және күндіз тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл, Атырау, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында секундына 15-23 метр жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз дауыл көтерілуі мүмкін.

Күндіз Атырау облысында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, сондай-ақ Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өрт қауіпі сақталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз