Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстан аумағы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде тұман түсіп, еліміздің солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.
Қызылорда, Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болады.