Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бүгін Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді

Айта кетейік, бұл күнді таңдаудың өзіндік орны бар. 1995 жылдың 1-наурызы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын атап өту шаралары аясында

Мемлекет басшысы бұл күнді Алғыс айту күні деп жариялауды ұсынды.

Осылайша, елдегі барлық этностардың өкілдері бір-біріне және қазақтарға алғыс айта алады.

«Сталиндік режим кезінде түрлі жылдары Қазақстанға көптеген халықтар жер аударылды –

800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халқының өкілдері, Қиыр Шығыстағы18,5 мың корей отбасылары көшіп келуге мәжбүр болды.

Оларды пойыз вагондарынан жапан далаға түсіріп кетті.

Ол кездері мұнда тек қазақтар өмір сүрді. Сондықтан, олар қабыл алып, көмек көрсетті. Қиын уақыттарды бастан өткеріп жүрген қазақ отбасылары балшық үйлеріне кіргізіп, қабылдады. Біздің жанұямыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыны қабылдады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін – 1-наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірімділік көрсетіп, түрлі халықтарды туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп атап өткен дұрыс болар еді.

Бұл бізді одан әрі жақындастырар еді. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірімділік, достастық және махаббат таныту мерекесі бола алады»,

– деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірі күні ҚХА-ның XXII сессиясы барысында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз